Түрлі дереккөздерден ақпарат алу. 3 сынып


 Тарау: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

 

 Сабақ тақырыбы: Түрлі дереккөздерден ақпарат алу

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру

 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: батаның нұсқасын бейне жазба нұсқасымен салыстырып, батаның жанрын анықтайды .

 Көптеген оқушылар: батаны жатқа біледі

 Кейбір оқушылар: батаның түрлерін атай алады.

 

 Бағалау критерийлері

  •  батаның нұсқасын бейне жазба нұсқасымен салыстырады
  •  батаның жанрын анықтайды

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Ырғақты әуен» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

 Әр топтың парталарының бір бұрышына алдын ала батаның сөздері жабыстырылады. Одан кейін әуен ойнатылып, сол әуеннің ырғағымен балалар партаны айналып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар да тоқтайды. Қағаз жабыстырылған партаның қасына тоқтаған бала сөздерді оқып, оның не екенін анықтайды. Бұл ойын 2-3 рет қайталанады. Мыс:(Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің. Ықыласпен қол жайсаң, Ақ тілекті төгейін. Денсаулығың мықты болсын, Абыройың зор болсын. Қайда барсаң алдыңнан, Жарқыраған жол болсын.)

 Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру. Ендеше, батаның нұсқасын бейне жазба нұсқасымен салыстырып, батаның жанрын анықтайды .

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Тыңдайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1.Аудиоүнтаспадан бата тыңдайды. https://www.youtube.com/watch?v=k7wmRZDLeKY

 2. «Ой қозғау» әдісі арқылы бата жанрын анықтау үшін төмендегідей сұрақтар қойылады.

 Аудиоүнтаспадан не естідік? (Бата)

 Оның бата екенін қайдан білдіңдер?

 Батада қанадай сөз жиі кездеседі?

 Сендер қандай бата білесіңдер?

 Оқушыларға осындай жетекші сұрақтарды қойылады. Ол сұрақтарға жауап бере отырып, бата жанрын сұрақтар қою, есту арқылы анықтайды.

 Саралау: ресурс (дереккөз) арқылы саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда жоғары ойлау деңгейлі оқушылар анағұлым күрделі сөздерді пайдалана отырып, дереккөздермен жұмыс істей алады.

 Қ.б. Мадақтама. Оқушылардың берілген тапсырма бойынша жауаптарын «Өте жақсы» «Жақсы» сөздерімен мадақталады.

 2-тапсырма. Оқиық..

(Ө),(ЖЖ). Несіпбек Айтұлының «Алтын сөз» өлеңі оқылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  •  Өлеңді іштей оқиды.
  •  (ЖЖ) Өлең мазмұны бойынша топта талдайды.
  •  Сұрақтарға жауап береді.
  •  Бата қай кезде беріледі?
  •  Бата арқылы не тілейді?
  •  Батаны кім береді?
  •  Алдында тыңдаған батаға ұқсай ма?
  •  Айырмашылығы бар ма?

 Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» саралау тәсілі жүзеге асады. Мұнда сұрақ құрастыруда қиналатын оқушылар үшін қосымша жетелеуіш сұрақтар беріліп (оқыған немесе тыңдағандары бойынша), сөзбен қолдау көрсету маңызды болып табылады.

 ҚБ: 2 жұлдыз, 1 тілек. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

 

 (МТ). Бата – жақсы тілек білдіру. Ол –ұлттық дәстүр. Батаны көбіне құрметті ақсақалдар, атақты адамдар береді. Тілек ретінде балалар да жаттап алады.

 

 3-тапсырма. Анықтайық.

 «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Бұл тапсырма дереккөздерден ақпарат алуға негізделеді. Оқушылар мұғалімнің ұсынған журналдар мен кітапшаларын таңдайды.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  •  Әрбір оқушы жеке бір батаны таңдайды. Ол батаның қандай жерде айтылғанын анықтайды.
  •  Содан кейін жанындағы көршісімен талқылайды, пікірлеседі, анықтайды.
  •  Жұптар өз пікірін топпен бөліседі. Әр топтан ортақ бір пікір шығарылады.

 Саралау: Диалог және қолдау көрсету тәсілі Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында сұрақ қойып қолдау көрсетіледі.

 Қ/Б: Оқушылардың берілген тапсырма бойынша орындаған іс-әрекетін «Тамаша!» «Жарайсың!» «Керемет!»сөздерімен мадақтаймын.

 

 4-тапсырма. Құрастырайық.

 (ЖЖ,Т). «Елші» әдісі.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Батаны қандай бала алады? Бата алатындай үш оқиға ойластыр.

  •  Әр топ осы сұрақ бойынша ақылдасып, жазады.
  •  Әр топ өз тобынан елші тағайындайды.
  •  Сол елші келесі топтарға өз мәліметтерімен, жасаған жұмыстарымен бөліседі.

 Саралау: «Тапсырма тәсілі» арқылы күрделілігіне қарай алға іргерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды пайдалануға болады.

  ҚБ: «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

 

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Бес саусақ» әдісі »

 Бас бармақ – бүгігі сабақ ұнады

 Балан үйрек – басқаларға көрсеткен көмегім

 Ортан терек – менің көңіл күйім

 Шылдыр шүмек – Не істедім? Неге жеттім?

 Кішкене бөбек – Менің тілегім

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу