Көркем шығарма элементтерін салыстыру. 3 сынып


 Тарау: Жанды табиғат

 

 Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.8.2 Мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі /иллюстрация/ музыка (күй) /мультфильм нұсқасымен салыстыру

 3.2.4.1 өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау

 3.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сурет/ сценарий түрінде ұсыну

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен аңыздың үзіндісін мультфильм нұсқасымен салыстырып, жанрлық ерекшеліктерін анықтап, мәтін бойынша сурет салады

 Көптеген оқушылар: аңыздың үзіндісі мен мультфильм нұсқасының нәтижелерін салыстырады және өз пікірлерін айтады

 Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіріп, талдау жасай алады

 

 Бағалау критерийлері:

  • аңыздың үзіндісін мультфильм нұсқасымен салыстыра алады
  • аңыздың жанрлық ерекшеліктерін анықтайды
  • аңыз бойынша сурет салады.

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасында «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы ұйымдастырылады. Нұсқау: Сынып ішіне тақырыпқа қатысты суреттер орналастырылады. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғалып жүріп, суреттерді жинайды.

 «Миға шабуыл» әдісі. Қойылған проблеманы оқушылардың шығармашылық белсенділігіне сүйене отырып шешуге бағытталған. Берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады.

  • Бұл суреттер кім туралы?
  • Оны қайдан білесіңдер?

 Бүгінгі сабағымыздың мақсаты «Ақсақ құлан» туралы мультфильм көреміз және аңызды оқып салыстырамыз. Мәтін бойынша сурет саламыз.

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Көрейік.

 (ЖЖ) «Ақсақ құлан» мультфильмін көре отырып, кейіпкерлердің сөздеріне, іс-әрекеттеріне көңіл бақылау тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 «Кейіпкерлер әлемі» (Ж) ойыны. Ойын шарты:

  • Ақсақ құлан https://www.youtube.com/watch?v=7lDWtxLMh2g мультфильмы көрсетіледі.
  •  Оқушылар жұпқа бөлінеді. Әр жұп мультфильмдегі кейіпкерлерді таңдап алады.
  •  Мазмұны бойынша жұптар сұрақтар құрастырады. Сұрақтардың мазмұны мультфильмдегі кейіпкерлермен, орын алған оқиғалармен байланысты болу мүмкін немесе өзгеше құрастыруы да мүмкін.

 Саралау. Қабылдау деңгейіне қарай көмекті қажет ететін оқушыларға "диалог және қолдау" көрсетіледі. Мыс: ( Кейіпкерлерді ата. Олар жайлы не білесің? Олардың іс-әрекеті туралы не айтуға болады? Қай кейіпкерді сомдай алам деп ойлайсың?) деген жетекші сұрақтар қойылады.

 Қ/Б: Мұғалім тарапынан кері байланыс (мадақтау). Ұтымды сұрақ пен мәнді жауап бағаланады. Жарайсың! Өте ұтымды сұрақ қойдың. Мәнді жауабың үшін ризамыз.

 2-тапсырма. Оқиық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

  (Ойлан, жұптас, бөліс) «Үштік әдіс» арқылы «Ақсақ құлан» аңызы оқылады. Аңыздан мультфильмге сәйкес келетін бөлімді анықтап, стикермен белгілеп, түсініп оқу тапсырылады.

  • Әр оқушы аңызды оқып керекті ақпаратты табады.

 (Ө) (Ойлан) – Мәтінді оқы. Сәйкес келетін бөлімді анықта.

 (МС) Не байқадың? Кейіпкерлердің әрекеті қалай? Өзгешелігі неде деп ойлайсың?

  • Өзінің жинаған ақпараттарын жұбымен ақылдасып, ойларын сәйкестендіреді.

 (ЖЖ) (Жұптас) – Мәтін бойынша белгіленген бөлікті қайта қара. Ойларыңды бір –біріңмен сәйкестендір.

  3. Жұппен талқылаған мәтіндегі ақпаратты топта талқылап, қорытынды жасайды. Өз пікірлерімен бөліседі.

  (Т) (Бөліс)Аңызды оқығаннан кейін қандай ойға келдіңдер? Кейіпкерлердің іс – әрекетіне көңіл бөліңдер. Мультфильмдегі нұсқасымен салыстырады.

 Саралау: Қорытынды саралау арқылы қолдау көрсетіледі. (Топ ішінен бір оқушы «дұрыс» жауаптың бағытында жұмыс істеуден гөрі оқушылар өздерінің мықты және әлсіз тұстарына қарай жауап береді). Барлық оқушы бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әр түрлі болады.

 Қ/Б: «От шашу» әдісімен өз жұмыстарын бағалайды.

 3-тапсырма. Салыстырайық..

 (Т). «Даралық, ұқсастық» әдісі арқылы ұйымдастырылады. «Графикалық органайзер» арқылы аңыз бен мультфильмнің нұсқасын саластыра отырып, толтырады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 Мұғалім топтарға қағазға сызылған «Графикалық органайзер» таратады және толтыру жолын түсіндіреді.

  •  Аңыз бойынша белгіленген бөлікті қайта шолып өту тапсырылады.
  •  Топта ақылдаса отырып «Графикалық органайзердің «аңыз» және «мультфильм» бөлігін толтырады. Ортаға олардың ұқсастығын, айырмашылығын жазады.

 

 

 

  • Толтырған органайзерді ортаға шығып әр топ қорғайды.

 Саралау: «Графикалық органайзерді» толтыруда да саралаудың қорытынды тәсілін көруге болады. Бір тапсырма берілгенмен күтілетін нәтиже әр түрлі болады.

 Қ/Б «Смайликпен» бағалау әдісі. Топтар бір –бірін тыңдайды, стикерлерге смайликтер суретін салып, оны бағаланған топ үстеліне жапсырады.

 

 4-тапсырма. Салайық.

 (Т). «Галлереяға саяхат» оқыған және көрген аңыз бойынша сурет сау тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1. Аңызда өзіне ұнаған кейіпкердің немесе оқиғаның суретін салады.

 Салынған суреттерді «Галереяда ой шарлау» әдісі арқылы қортындылап, бағаланады.

 Қабырғаға дайындалған постер ілінеді. «Галереяға саяхат» –топтар кабинет ішінде қозғалысқа түседі, қабырға газеттерін қарайды, сараптайды, талдайды және жапсырма қағазға пікірін немесе сұрағын жабыстырып кетеді. Галереяға саяхат аяқталған соң, топтар жұмыстарға шолу жасап, өз қабырға газеттеріне жазылған сыныптастарының пікірін сараптайды, талқылайды, сұрақтарға жауап береді және қорытынды жасайды.

 Саралау. «Саралау бойынша жіктеу» тәсіліне сүйене отырып талаптары әр түрлі оқушылармен топ құрылады. Бірінші топқа суретті өте жақсы салатындар, келесі топқа таңдау бойынша болса, ал үшінші топқа дайын суретті бояу беріледі.

 Қ/Б: «Жетістік» баспалдағымен өзін-өзі бағалайды.

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Жақсылық тамшысы» .

 Мұғалім оқушыларға тамшы суреттері бар қағаздар береді. Әр оқушы тамшыға берілген тапсырмаларды қалай орнындағанын, жіберген қателіктерін, ұнаған, ұнамаған тапсырмаларын жазады. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге жария етеді.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу