Көркем шығарма элементтерін салыстыру. 3 сынып


 Тарау: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»

 

 Сабақ тақырыбы: Көркем шығарма элементтерін салыстыру

 

 Оқу мақсаттары:

 3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру

 3.1.2.1 шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау

 3.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу) табу

 

 Сабақ мақсаттары:

 Барлық оқушылар: мұғалімнің көмегімен мысалдың үзіндісін иллюстрация нұсқасымен салыстырып, өз сөзімен толық (таңдауына қарай) сахналап, әдеби көркемдегіш құралдарды (кейіптеу) табады

 Көптеген оқушылар: көркем-бейнелі сөздерді қолданып сахналай алады.

 Кейбір оқушылар: тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

 Бағалау критерийлері

  •  мұғалімнің көмегімен мысалдың үзіндісін иллюстрация нұсқасымен салыстырады
  •  шығарма мазмұнын өз сөзімен толық (таңдауына қарай) сахналайды
  •  әдеби көркемдегіш құралдарды (кейіптеу) табады

 

 Сабақ барысы

 

 Сабақтың басы: Сабақ басында ширату тапсырмасы «Суреттер сөйлейді» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Ол үшін:

  •  Оқушылар тақтада көрсетілген суреттердің сабаққа қандай қатысы бар екенін болжап айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мұғалім тарапынан сабақ мақсатын анықтау үшін сұрақтар қойылады. Жаттығу бойынша ойларын қортындылап, сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Мұғалімнің көмегімен мысалдың үзіндісін иллюстрация нұсқасымен салыстырып, өз сөзімен толық (таңдауына қарай) сахналап, әдеби көркемдегіш құралдарды (кейіптеу) табады.

 Сабақтың ортасы:

 

 1-тапсырма. Оқиық..

 (Ұ). «Детектив» әдісі. (Ұ) Оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау тапсырылады.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 А. Байтұрсыновтың «Аққу, Шортан, һәм Шаян» мысалы бөліктерге бөлініп таратылады.

 1. Бірінші бөлік. Іштей оқиды.

 Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,

 Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.

 Тартады Аққу көкке, Шаян – кейін,

 Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.

 2. Оқып болған соң таладау жасалады, түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.

 Саралау: «Қарқын арқылы саралау». Мысалды оқу кезінде кейбір оқушылар басқаларға қарағанда жылдам жұмыс жасайды.

 ҚБ: Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

 Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

 Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

 

 2-тапсырма. Салыстырайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 (Т,Ұ). Мысалдың үзіндісін иллюстрация нұсқасымен салыстырып, әрі қарай не болатынын болжау тапсырылады.

  •  Тақтада мысал бойынша иллюстрация сурет көрсетіледі.
  •  Сурет бойынша ойларын ортада талдап, әрі қарай не болатынын болжайды.

 3.Әр топ өз нұсқаларын жазып көрсетеді

 Саралау: «Қорытынды» тәсілі арқылы көмек көрсетіледі. Қабілеті төмен оқушылар өз ойларын ортаға салады, қабілеті жоғары оқушылар мысалдар келтіре алады.

 Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі. Екі жұлдыз –жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек – жақсартуды қажет ететін нәрсе.

 

 3-тапсырма. Оқиық.

(Ж). «Жалғастыр» әдісі. Мысалды әрі қарай жалғастырып оқу.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық.

 1.Мысалдың жалғасын оқы:

 Бұлардың машақаты аз болмады,

 Жұмысы орнына кеп мәз болмады.

 Тартса да бар күштерін аямай- ақ,

 Асылы, жүк орнынан қозғалмады.

 Оншама ол жүк артық ауыр емес,

 Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.

 Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,

 Бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.

 Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,

 Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.

 Біріңнің айтқаныңа бірін көнбей,

 Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

 2.Сурет бойынша жасалған болжам бойынша қаншалықты сәйкестік бар болғанын анықтайды.

 3. Жүктің неге орнынан қозғалмағаны жөнінде өз ойларын айтады.

 3. Өз жұмыстарын қортындылап, өзіндік баға береді.

 Саралау: «Нәтиже арқылы саралау». Тапсырманы орындау барысында әр оқушының ойлау деңгейінің әр-түрлі болатындығын ескере отырып, әр оқушыға өз мүмкіндігі бойынша қолдау беріледі.

 Қ/Б: Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.

 Мен …………. туралы көп білдім.

 Мені …… таң қалдырды.

 Мен … сездім.

 Мен………… басқаша қарайтын болдым

 4-тапсырма. Анықтайық.

 Тапсырманы орындау бойынша нұсқаулық

 (ЖЖ). «Веер» әдісі. Оқыған шығарма бойынша сұрақтарға жауап бер:

 (Т,Ұ). «Аққу, Шортан, һәм Шаян» мысалындағы әдеби көркемдегіш құралды (кейіптеуді) тап.

  •  Мысалдың кейіптеу екенін табуға мұғалім көмек береді. Жетекші сұрақтар қойылады:
  •   Мысал әдеби көркемдегіш құралдың қай түріне жатады?
  •   Оған қандай дәлел келтіре аласыңдар?

 Кейіптеу деген не? (Кейіптеу – әр түрлі табиғат құбылыстарын, жансыз нәрселерді адам кейіпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттеу).

  •  Ақын бұл мысал арқылы адамдардың қандай әрекеттерін сынайды?
  •  Сен бұл адамдардың орнында болсаң не істер едің?

 Саралау: «Дереккөздер арқылы саралау». Тапсырманы орындау кезінде қосымша ақпараттарды пайдаланудың анағұрлым ауқымды көлемін көрсетеді.

 Қ/Б.: «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.

 

 Сабақтың соңы.

 Рефлексия: «Алма ағашы» әдісі.

 Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

 

 Ескерту. Сынып оқушыларының ерекшелігіне байланысты мұғалім тапсырмаларды ауыстырырып орындай алады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу