Көркем шығарма элементтерін салыстыру «Бір минут» . 3 сынып


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт

Күні:

Сынып: 3

Мектеп: Қарағанды қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Майбасова Ү.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

2.8 Көркем шығарма элементтерін салыстыру

« Бір минут»

Оқу мақсаттары

3.1.1.1 шығарманың маңызды тұстарын анықтау үшін ашық сұрақтар қою және жауап беру

3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка(күй)/ мультфильм) нұсқасымен салыстыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді,мұғалімнің көмегімен шығарманы сурет немесе музыка нұсқасымен салысытырады;

Көптеген оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтауда ашық сұрақтар құрастырады және оған жауап береді, шығарманы сурет немесе музыка нұсқасымен салыстырады;

Кейбір оқушылар: шығарманың маңызды тұстарын анықтайды, сұрақтар құрастырады, шығарманы сурет немесе музыка нұсқасымен салыстыруда өз ойын дәлелдейді.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін бойынша ашық сұрақтар қояды және жауап береді;
  • Шығарманы сурет нұсқасымен салыстыра отырып сипаттайды;
  • Өз ойын дәлелдейді.

Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер

Оқушылар:

Бөлім тақырыбына байланысты уақыттың өлшем бірліктері, және уақыт қадірі туралы өз ойын айта алады. Өзінің отбасындағы жағдаяттар туралы әңгімелейді, басқа балалардың пікірлерімен ойын салыстыра алады. Суретке қарап сұрақ құрап жаза алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

сағат, минут, таң, кеш, ай, жыл .

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Талғаттың бір минут туралы түсінігі қандай еді?

Ол бір минуттың қаншалықты маңызды екенін қай кезде түсінді?

Құндылықтарды дарыту

Өз ісіне жауапкершілікпен қарау, бір- біріне өзара көмек, ынтымақ, ашықтық, еңбексүйгіштік қасиеттерді насихаттау

Пәнаралық байланыстар

Өз ойын білдіруде сөйлемдегі сөздердің байланысын, қосымшаларды дұрыс қолдану арқылы қазақ тілі пәнімен байланыс жасалады.

АКТ қолданудағдылары

Интербелсенді тақта, үнтаспа.

Бастапқы білім

Шығарманы түсініп оқиды, мазмұны бойынша сұрақтар қояды және оған жауап береді, шығарманы сурет немесе музыка нұсқасымен салыстыра алады.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

6-15 минут

Ширату тапсырмасы.

(Ұ) «Ассоциативті қатар»ойыны.

 Тақтаға бөлім тақырыбына байланысты «Уақыт»сөзі жазылады. Оқушыларға парақ таратылады. Бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынылады. Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Жазған сөздерді қатармен бірігіп оқуға ұсынуға болады. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: сағат, минут, таң, кеш, ай, жыл және т.б..

Парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындыланады. Қорытындылау негізінде сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты анықталады.

1-тапсырма. Тыңдайық.

(Ұ) «Тик-так» әнін тыңдау. «Бір қадам алға...» ойыны.

Тақтадан столға дейін жол белгілеп тыңдалған өлеңге байланысты сұрақтарды мұғалім қояды. Жауап дұрыс болса, мұғалім бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Осылай столға жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырылады.

Сұрақтар:

  • Өлең кімдерге арналады деп ойлайсыңдар?
  • Өлеңде уақыттың қай мезгілі туралы айталады?
  • ?
  • Уақыттың өлшемдерін білу қаншалықты маңызды деп ойлайсыңдар?

Қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойын еркін айтуға үйренеді.

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру. Оқушылармен бағалау критерийін қарастыру немесе таныстыру.

Уақыттың өлшем бірліктеріне байланысты «Сағат», «Минут», «Секунд» суреттері арқылы сыныптағы оқушылардың санына байланысты топтарға бөлу.

Сөздер жазылған парақтар,

Слайд №1

«Тик-так» әні үнтаспа немесе интернет желісінен

https://www.youtube.com/watch?v=lFipX2vrdks Слайд №2

Слайд №3

Қосымша №1

Сабақтың ортасы

16-22 минут

23-28 минут

29-30 минут

31-34 минут

2-тапсырма

(МК, Ұ) «Моделденген оқылым» әдісімен «Бір минут» әңгімесін оқу ұсынылады. Бұл әдісте мұғалім әңгімені өзі бастап оқу моделін көрсетеді, оқушылар жалғастырып оқиды.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Уақыт – біздің өміріміз. Уақыт өмірімізден бөлек емес, уақыт пен өмір арасындағы байланыс күн мен оның сәулесі, ағаш пен жемісі, көз бен көру арасындағы байланыс секілді өте тығыз. Басқа жаратылыстарды айтпағанда, адамзаттың уақыт пен мекенге мұқтаж екеніне ешқандай талас жоқ. Уақытты босқа өткізу – мезгілі өлшеулі, құны өлшеусіз өз өмірімізді рәсуа қылу. Уақытты тоқтатар шамаң бар ма?

Бәрі өтеді: дәуірлер, замандар да.

Менің жаным ашиды бұл өмірді,

Өтпейтіндей көретін адамдарға!- дейді Мұқағали Мақатаев атамыз. Расында кейбір адамдар уақытты өміріміздің ұрысы деп есептесе, бірі уақытты ұлы ұстаз дейді.

Саралау: диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

(Б) «Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың жауабын ұжымда бағалау ұсынылады.

3-тапсырма

(Т) (МК) Оқылған мәтінге байланысты «Идея туралы ойлар» стратегиясын қолданып әңгіменің мазмұны бойынша мазмұнын түсінгеніне қарай сұрақтар құрастырып, ойларын айту ұсынылады. Әрбір топ ұсынылған «уақыт қадірі, минут, кешігу, мәре » сөздері мен тіркестерінің мағынасын ашуға тырысады.

Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашу керек.

Мысалы: “_...идея туралы қалғандары не ойлайды?

Әңгіменің мазмұны бойынша оқушылар сұрақтарды жеке құрастыртуға болады. Сұрақ құрастыруға уақыт беріледі. Жұпта, топта талқылайды. Ортақ қорытындыға келіп топтан 4-5 сұрақ ортаға шығарады, өз ойларымен бөліседі.

Топ кеңесе отырып, өз ойын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен топ басшысы берілген уақыт ішінде (5мин) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топтың ойын жеткізеді.

Жаңа тақырыпты меңгерту кезінде тура нұсқау беру мен қолдау көрсетуге көбірек көңіл бөлінеді. Тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастырылады. Оқушылар сыныптағы басқа оқушыларға өз пайымдауларын түсіндіруге ынталандырылады.

Саралау: «Қорытынды» тәсілі. Әр топ жаңа сөздерді әртүрлі сипаттауы мүмкін деп болжанады. Сипаттау кезінде ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) Тыңдалым-айтылым және оқылым дағдысының мақсаттарына сәйкес «От шашу» әдісі арқылы әр топтың жаңа сөздерге берген түсініктемелері бағаланады.

Сергіту сәті. «Қазақтың ұлттық биі».

Уақыт тақырыбына байланысты сергіту сәтінде оқушылар би қимылын көрсете отырып жаттығады.

4-тапсырма (дәптермен жұмыс)

(ОТ, МК, Т) «Суреттер сөйлейді» стратегиясы бойынша әңгіме мазмұнына байланысты әр топқа суреттер таратылып беріледі. Мұғалімнің қолдауымен суреттерге талдау жасалады. Әңгімеден суреттің мазмұнына сәйкес келетін үзіндіні тауып оқып сурет бойынша мәтін бөлігін сипаттау ұсынылады. Сол суретке сүйене отырып шығармашылық жұмыс түрінде білгеніңді пайдаланып, сурет бойынша жоспар құру тапсырылады .

Мәтін мазмұны бойынша берілген тірек сөздер арқылы дәптерге жазады.

Тірек сөздер:. минут, уақыт, уақытты қадірлеу, жарыс, мәре, минуттың маңыздылығы және т.б.

Оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ескере отырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамытады.

Саралау: «Қорытынды» тәсілі бойынша тірек сөздерді пайдаланып өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

ҚБ: Дескрипторлар бойынша бағалау.

Тірек сөздерді пайдаланып, көркем шығарма үзіндісін суретпен салыстырып жазған жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.

Рафиха Нұртазина, Ләйлә Асқар

Қосымша №2

Слайд №4

қабырғаға ілінген ватман, түрлі-түсті маркер

Слайд №5

Қосымша №3

Түсіндірме сөздік

«Тик-тик» әні

https://www.youtube.com/watch?v=lFipX2vrdks

Түрлі би қимылдарын келтіре отырып, сергіту сәті жасалады.

Суреттер үлгісі:

Слайд №6

Қосымша№3

Сабақтың соңы

35-40 минут

Қорытынды.

5 тапсырма.

(МК; Ж) «Бір минуттық әңгіме» әдісі.

Кейіпкердің орнына өзін қойып, әңгімені өз атынан мазмұндау ұсынылады. Оқушылар қарама-қарсы сызық бойымен қатарға тұрып, құрастырған жоспардың бір бөлігі бойынша жұптық әңгіме жүргізеді. Әңгімелеу барысында әңгіменің үзіндісін суреттермен салыстыра отырып әңгімелеуге назар аударылады.

Саралау. Қорытынды тәсіл бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма бірдей ұсынылғанымен әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мазмұндау кезінде кейбір оқушыларға өзбен қолдау көрсетіледі.

(ҚБ) Оқушылардың жұптасып әңгімелеулері «смайл» әдісі арқылы бағаланады.

Рефлексия:

«Қол белгісі»

Оқушылардан тақырыпты түсінгендігін немесе түсінбегендігін қол белгілері арқылы арқылы көрсетуді сұрауға болады.

«Мен түсініп отырмын және түсіндіре аламын» дегендер қолдың бас бармағын жоғары бағыттайды.

«Мен әлі түсінбей отырмын» дегендер қолдын бас бармағын жанына қарай жантайтады.

«Мен түсінгеніме сенімді емеспін» дегендер қолды бұлғайды. Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамытады. Осы белгілерге сүйеніп, сабақтың қай деңгейде өткенін білуге болады.

Кері байланыс (нақты тақырып бойынша үлгі сұрақтар):

-Нені үйренгендерін жазғызу.

-Белгілі бір оқу іс-әрекетін ұнатты ма?

-Олардың үйренуіне не көмектесті?

-Не кедергі болды?

-Келесі жолы оларға не көмектесуі мүмкін?

Слайд №7

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

2-тапсырма. Қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз идеяларын айтуға үйренеді.

3-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі. Әр топ жаңа сөздерді әртүрлі сипаттауы мүмкін деп болжаймын. Сипаттау кезінде ынталандыру және оқуға қызығушылықтарын арттыру үшін қолдау көрсетіп отырамын. н.

4-тапсырма: «Қорытынды» тәсілі бойынша тірек сөздерді пайдаланып өз пікірін жазуда әртүрлі дәлелдемелер жасалуы мүмкін. Әңгіме құрастыруда әртүрлі деңгейлі оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, жұмыстар қабылданады.

5-тапсырма: Қорытынды тәсіл бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма бірдей ұсынылғанымен әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мазмұндау кезінде кейбір оқушыларға өзбен қолдау көрсетіледі.

Дескрипторлар:

- -әңгіме бойынша ашық сұрақтар қоя алады және жауап береді;

-әңгімені суретпен салыстыра отырып сипаттайды;

-өз ойын дәлелдей отырып айтады.

«Басбармақ» әдісі арқылы оқушылардың рөлге бөліп оқуларын ұжымда бірін-бірі бағалау ұсынылады.

«От шашу» әдісі арқылы әр топтың постер арқылы аңдарға берген сипаттамалары бағаланады.

Тірек сөздерді пайдаланып, көркем шығарма үзіндісін бейнефильмдегі айырмашылығын салыстырып жазған жұмыстары «смайл» әдісі арқылы бағаланады.

Сыныптағы оқушы үстелдері топпен жұмыс жасауға ыңғайланып қойылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу