👈 қаріп өлшемі 👉

Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

 Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері (Химия, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ауыспалы элементтер
Сабақ тақырыбы: Катализаторлар. Ингибиторлар. № 3 практикалық жұмыс "Реакция жылдамдығына катализатордың әсері
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): - Кейбір кең таралған реакцияларға катализаторлардың әсерін бақылау
- катализаторлар қатысында жүретін реакцияларды жоспарлау және оларды жүзеге асыру
- ингибиторлардың әрекетін түсіну
Сабақ мақсаттары: - катализатордың реагенттен айырмашылығын және реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
- реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру.

Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу.
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басында оқушылардың көңіл-күйін, сабаққа деген ынтасын көтеру мақсатында шаттық шеңберін ұйымдастырып, олар бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтады.

Оқушылар сіздер бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен танысыңыздар. Сонымен бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:
- катализатордың реагенттен айырмашылығын және реакция жылдамдығына әсерін түсіндіру;
- реакция жылдамдығына ингибитордың әсерін түсіндіру;
Оқушыларға оқу мақсаты таныстырылғаннан соң жетістік критерийі оқушылармен бірлесе құрылып алынады.
Мүмкін болатын жетістік критерийлері:
- Катализ не екенін білу
- Катализдің түрлерін білу
- Катализдің әрбір түріне мысал келтіру
(W) «Реакция жылдамдығын арттыратын, бірақ, реакция соңында өзгеріссіз регенерацияланатын заттар катализаторлар екенін түсіндіріңіздер». Оқушыларға реагенттермен бір фазадағы катализаторлар «гомогенді катализаторлар» ретінде, ал әртүрлі күйдегі катализаторлар «гетерогенді катализаторлар» ретінде белгілі екендігін айтыңыз.
(E) Егер уақыт болса, өлшенген марганец қос тотығының мөлшері (IV) сутегі тотығының ерітіндісінің ыдырауы кезінде катализатор ретінде қолданылуы мүмкін, сондай-ақ зат эксперимент соңында қалпына келтірілуі, және өлшенуі мүмкін (W). Эксперимент оқушылардың марганец қос тотығының қалай өзгермейтіндігі туралы сауалнама арқылы аяқталуы мүмкін (IV).
Катализаторлар қатысуымен жүретін химиялық реакциялар катализдік реакциялар деп аталады.
Гомогенді катализге әрекеттесуші заттар мен өршіткі бірдей агрегаттық күйде болатын реакциялар жатады.
Гетерогенді катализде әрекеттесуші заттар мен өршіткі әртүрлі агрегаттық күйде болады.
Аралық қосылыстар теориясы катализатордың әсер ету механизмін түсіңдіреді. Бұл гомогенді катализге қолданылады.
Ал гетерогенді катализді түсіңдіру үшін катализдің адсорбциялық теориясы қолданылады.
Газтектес немесе еріген заттардың басқа қатты заттардың бетінде топтасуын (концентрленуін) адсорбция деп атайды. Бетінде адсорбция жүрретін заттар – адсорбент деп аталады.
Табиғи биологиялық катализаторлар – ферменттер деп аталады.

Практикалық жұмыс (Жұптық жұмыс)
Сутек пероксидінің ыдырау реакциясының жылдамдығына әртүрлі катализаторлардың әсері

Қажетті құрал-жабдықтар мен реагенттер:
Әр түрлі катализаторлар: мыстың, темірдің, кобальттың, көмірдің қосылыстары, каталаза ферменті)

Жұмыс барысы:
Оқушылар өз эксперименттерін жүргізіп, нәтижелерімен бөлісуі тиіс. Еритін және ерімейтін ауыспалы металдар қосылыстардың жеткілікті көлеміменн қоса бірнеше құрамдарды, бірнеше негізгі қосылыстардың блогын және бірнеше ферменттерді ұсыну (ақтүйнек, «биологиялық» кір жуғыш ұнтақ, сілекей және кейбір лабораториялық ферменттер)

Практикалық жұмыс нәтижелері төмендегідей кестеде толтырылсын (жеке жұмыс):

№ Зерттелетін зат Каталитикалық қасиеті зерттелетін зат Не байқадыңыз? Қорытынды
1 Сутек пероксиді
2 Сутек пероксиді
3 Сутек пероксиді
4 Сутек пероксиді
5 Сутек пероксиді
6 Сутек пероксиді
7 Сутек пероксиді
8 Сутек пероксиді
9 Сутек пероксиді
10 Сутек пероксиді

Кері байланыс.
Сабақтың соңында оқушыларға бүгінгі белсенді қатысқаны үшін рахмет айтылып, олардан кері байланыс ретінде төмендегі кесте толтырылып, қорытынды жасауы сұралады.
Мен нені үйрендім? Мен нені үйренгім келеді? Маған бұл тақырыпта не қиын?......

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 100 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Білім министрлігі «мұғалімдер айлығы қысқарады» деген қауесетті жоққа шығарды 08.12.2021, 0
» Президент Тоқаев 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті. 02.12.2021, 0
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы