Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

 Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның шкалалары 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.3 – Температураны өлшеуді жылулық ұлғаю негізінде сипаттау;
8.3.1.2 – температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Температура ұғымын , жылу алмасу процесін біле отырып, денелердің жылулық тепе – теңдігін түсіндіру.
• Температураның әр түрлі шкалаларын біле отырып, үщтік нүкте , абсолют нөлі және молекулалар қозғалысының энергиясын түсіндіре алу.

1. Өткен материалды меңгергендерін тексеру мақсатында қайталау жүргізу. Ауызша сұрақ -жауап.
1.Қандай қозғалыс жылулық қозғалыс деп аталады?
2. Броундық қозғалыс деп қандай қозғалысты атайды?
3. Диффузия дегеніміз не?
Мұғалім оқушылардың жауаптарын ескере отырып кері байланыс жасайды.
2.Ой қозғау.
Әр партаға суы бар ыдыс және термометр беріледі және оқушыларға сұрақ қойылады. «Сендерге қандай өлшеуіш аспап берілген, ол аспаппен қандай физикалық шаманы өлшеуге болады?
3. Мақсатты болжау. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:
• Температура ұғымын , жылу алмасу процесін біле отырып, денелердің жылулық тепе – теңдігін түсіндіру.
• Температураның әр түрлі шкалаларын біле отырып, үщтік нүкте , абсолют нөлі және молекулалар қозғалысының энергиясын түсіндіре алу.
4. Түсіндіру. Сабақты түсідірмес бұрын оқушылар жүпта талқылайды .“Температура деген не? Осы физикалық шамаға қандай анықтама берер едіңдер? Температура жайлы не білесіңдер? Қандай температуралық шкалаларды білесіңдер?”
Талқылаудан кейін оқушылар әр түрлі ойларын тақтаға жазады.
Мұғалім кері байланыс жасай отырып температура макроскопиялық жүйенің термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама екенін және температуралық шкалаларды түсіндіреді.
5. Сабақты бекіту. Оқушылар жұптасып эксперименттік тапсырма орындайды.
Эксперименттік тапсырма «Салқындап бара жатқан судың температурасының уақытқа тәуелділігін зерттеу»
1. Мензуркаға 200 мл ыстық су құйыңдар және оның бастапқы температурасын өлшеңдер.
2. Температураны әрбір 2 минут сайын өлшеңдер.
3. Мәндерді кестеге толтырыңдар:
t/ 0С
t/ мин
1. Салқындап бара жатқан судың температурасының уақытқа тәуелділік графигін тұрғызыңдар.

Қабілетті оқушыларға тапсырманы орындау барысында кездескен бір қиындықты жазып, оны шешу жолын ұсыну тапсырылады.
Бағалау критерийлері:
1. Өлшеу нәтижелері кестеге дұрыс жазылған.
2. Осьтегі физикалық шамалар өлшем бірліктерімен жазылған.
3.Масштаб сақталған.
4. Тәуелділік графигі дұрыс сызылған.
6. Жетістікті бағалау. Оқушылар бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алғандарын және тапсырма орындау барысында қандай қиындықтар кездескенін ауызша атап өтеді. Оқушылардың жауаптарына қарай мұғалім кері байланыс ұйымдастыра алады ...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 602



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?