Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

 Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия 1-сабақ (Физика, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жылу құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.3.1.1 Молекула-кинетикалық
теорияның негізгі қағидаларын
дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар білуі тиіс:
• Жылулық қозғалыстың физикалық мағынасын білу;
• Броундық қозғалысты сипаттау;
• Температураның диффузия жылдамдығына әсерін талдау

1. Сергіту сәті «Атомдар мен молекулалар»жаттығуын орындату. Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншалар жеке дара жүреді де «молекулалар үшеуден» деген кезде ойыншылар үштен топтасады артық қалған оқушы заттың құрылысы туралы не білетінін айтады, келесі оқушы зат бөлшектерінің қалай қозғалатынын, келесі оқушы осылайша сұрақтарға жауап беріп жалғастырады. Биология пәнінен диффузия туралы не білетіндерін сұрауға болады.
Мынандай сұрақтар қоюға болады:
1. Заттардың қанша күйі бар?
2. Заттың сұйық күйіне тән қасиетті сипатта
3. Заттың қатты күйіне тән қасиеттті сипатта
4. Заттың газ күйіне тән қасиетті сипатта
Бағалау критерийлері:
Заттың құрылысын дұрыс сипаттайды.
Диффузия құбылысын түсінеді;
Заттың күйлерін анықтайды;
Қатты, сұйық және газ күйлеріне тән қасиеттердісипаттайды.
Мүғалім кері байланыс жасай отырып, толықтырулар енгізеді.
2.Ой қозғау.
Ыстық суда неліктен қияр тез тұздалады?
Оқушылар бірнеше себеп айтуы мүмкін. Қиярдың тез тұздалуы зат бөлшектерінің қозғалыста болуының бірден-бір дәлелі екенін мұғалім түсіндіреді.
3. Мақсатты болжау.
• Жылулық қозғалыстың физикалық мағынасын білу;
• Броундық қозғалыстысипаттау;
• Температураның диффузия жылдамдығына әсерін талдау
4. Түсіндіру.
Оқулықтағы мәтіндер бойынша оқушылар топпен жұмыс жасайды
1-топ:Жылулық қозғалыс
2-топ: Броундық қозғалыс
3-топ: Диффузия. Диффузия құбылысының практикада қолданылуы.
Тапсырманы топта талқылайды, содан соң топтан бір оқушы таныстырылым жасайды. Бағалау критерийлері:
1. Оқушы таныстырылымын баяндай алады
2. Мысалдар келтіре алады
3.Оқушылардың қойған сұрақтарына жауап бере алады
Қабілетті оқушылар диффузия құбылысына мысалдар келтіріп, өз тұжырымдарын дәлелдейді.
5. Сабақты бекіту.Видеокөрсетілім: Молекулалардың қозғалысы.Диффузия.
Суреттегі диффузияны талдайды
1 топ табиғаттағы диффузия
2 топ тұрмыстағы диффузия
3 топ техникадағы диффузия...........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 664



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі