Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу 1-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

 Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу 1-сабақ  (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жарық.Дыбыс.Жылу. Магниттілік.»
Сабақ тақырыбы: Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу 1-сабақ
Сабақ қамтитын оқу мақсаттары: 2.5.2.1 кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу
2.1.2.6 тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтау
2.1.2.7 Тәжірибе жүргізу және нәтижелерін кесте түрінде келтіру
Сабақ мақсаты: Зерттеу жұмысы арқылы жарық өткізгіш денелерді анықтау, тәжірибенің негізгі белгілерін анықтау, нәтижені кестеге түсіру.

Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсаты: оқушының қызығушылығын ояту.Табиғатты қорғауға баулу.
1. Ұйымдастыру
а) Психологиялық дайындық
Табиғат!
Тіршіліктің тұнып тұрған.
Сен – Күнсің!
Көтерілген күліп қырдан.
Сен – Көлсің, Сен – Ормансың, Сен – Бұлақсың,
Адамды сұлулыққа құнықтырған.

(Ұ) «Ойлан!Тап!»
Мақсаты: сыни ойлау қабілеттерін дамыту. Сабақтың тақырыбын анықтау.

(Дауысы жоқ, дыбысы жоқ,
Терезеден өтеді,
Барлық адамға жетеді. (Жарық)
- Қалай ойлайсыңдар,бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болмақ?
- Жарық туралы.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерін шығару.
(Ұ, МК) Жаңа сабақ
Мақсаты: жарық пен көлеңке ұғымы туралы ақпарат беру. Кейбір денелердің жарық өткізгіштік қасиетін зерттеу
Тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтау.
-Балалар, бүгінгі сабағымыз зерттеу түрінде болмақ.
-Қалай ойлайсыздар, біз зерттеу үшін нені білуіміз қажет?
1. мақсатты анықтау
2. гипотеза шығару
3. ресурстарды таңдау
4. жоспар құру
5. нәтижені анықтау......


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала жүктелуде...