Мерекелік композиция (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

 Мерекелік композиция (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Мерекелік композиция
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету
3.1.3.2 Шығармашылық идеяларды дамыту үшін әртүрлі дерек көздерінен ақпарат жинау
Сабақ мақсаттары: • Мерекелік композициясының ерекшеліктері мен жасау технологиясын зерттеу;
• Мерекелік композицияны құру және сол арқылы өзінің идеясын жеткізу.

Сабақты ұйымдастыру кезеңдері.
Бөлімге кіріспе.
Психологиялық ахуалды қалыптастыру: қарқынды жұмысқа оқушыларды дайындау мақсатында оларға шағын әсем музыкалық жазбаны тыңдауды ұсыныңыз. Бұл дыбыстарды мерекелік композициялардағы металдық түтікшелер мен маятниктер шығарады.
Сабақ тақырыбына кіріспе:
Сабақтың басында оқушылардан кабинетте ілініп тұрған композицияларды немесе олардың таныстырылымдағы суреттерін қарап шығуды сұраңыз. Олар мына сұрақтарға жауап беруі тиіс.
• Олар нені көріп тұр?
• Бұл конструкциялардың ерекшелігі неде?
• Оларды қай жерде қолдануға болады?
Кейін оқушылар мұғаліммен біріге мына сұрақтардың мәнісін ашады:
• «Мерекелік» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
• Мерекелік композицияларды қайдан кездестірдіңдер?
• Оларды неліктен кеңістікке іліп қояды деп ойлайсыңдар?

Оқушылар суреттерге қарай отырып, мерекелік композицияларды жасағанда қандай материалдарды (табиғи немесе жасанды, шыны бөтелкелер, шамдар, қағаз фигуралар, матадан жасалған бөліктер, шарлар және т.б.) қолдануға болатынын және оларды қайда (төбеге, ағаштың бұтағына, терезеге, көлденең қабырғаға) бекітуге болатынын зерттеп, анықтайды.

Тәжірибелік жұмыс
Тәжірибелік тапсырманы өткізу үшін оқушыларды шағын топтарға бөліңіз. Оқушылар бұл тапсырмада мұғалім ұсынған материалдардан мерекелік композиция құрастырады. Әрбір топтың алдына алдын ала әзірленіп қойған бөлшектерді (бұтақтар, таяқшалар, қарындаштар, кесте кергіш, шеңберлер, құрсаулар, жіптер, қармақ бауларын, жіңішке сымды, құрғақ жапырақтар, ұсақ моншақтар, қағаз пішіндер және т.б.) жайып тастаңыз.
Оқушыларға қандай конструкцияны құрастырғылары келетінін ойланып, топ ішінде талқылауды ұсыныңыз. Оқушылардың назарын қауіпсіздік техникасының сақталуына аударыңыз.
Топтан конструкцияларын таныстыруда өз жұмыстары туралы айтып беруді сұраңыз. Олардан қандай идеяны жүзеге асырғылары келгендері, қаншалықты жүзеге асыра алғандары және оны қайда қолдануға болатыны туралы сұраңыз.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 427



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!