Мерекелік ашықхат (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

 Мерекелік ашықхат (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Демалыс мәдениеті. Мерекелер.
Сабақ тақырыбы: Мерекелік ашықхат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.3.1 Нақты дәлдікке жету үшін материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
3.3.1.1 Өз жұмысының негізгі идеясын және үдерісін арнайы терменологияларды пайдаланып таныстыру.
Сабақ мақсаттары: • Мерекелік ашықхат жасау мақсатында ол туралы ақпарат жинау және оқып білу;
• Хабардарлығын көрсетіп, жеке жұмыстарын шығармашылықпен ұсыну.

Тақырыпқа кіріспе
Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап бер:
• Суреттердегі қолдан жасалған заттар қалай аталады?
• Олар қай мерекеге орай жасалған?
• Оларды кімге сыйлауға болады?
Мұғалімнің көрсетілімі
Англия мерекелік ашықхаттың Отаны болып саналады. Осындай алғашқы ашықхатты ағылшын суретшісі Джон Кэлкот Хосли ойлап тапқан.

Зертте
Оқушылар ашықхат үліглерін зерттей отырып, қандай мерекелік ашықхаттар жасауға болатыны жайлы, ашықхаттарды жасау кезінде қандай материалдар мен техникаларды қолдануға болатыны жөнінде зерттеу жүргізеді.
Жұпта немесе кішігірім топтарда оқушылар қандай ашықхат үлгісін жасайтындығын анықтайды. Ашықхатты аппликация немесе сурет салу техникасында орындауға болады. Ашықхаттың суретіне оқушылар эскиз орындайды. Аппликация үшін негіз дайындайды.

Сұрақтарға жауап бер:
• Қандай мерекелік ашықхаттар дайындауға болады?
• Ашықхат дайындау үшін қандай материалдар мен техникаларды қолдануға болады?
Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар ашықхат жасайды. Оқушылар ойластырған идеяларын тәжірибеде жүзеге асыруға кіріседі. Жұмыс кезеңдерін өздері анықтайды.
Алдымен негіз таңдайды. Кейбір оқушылар оған сурет сала бастайды. Олар бірден бояумен немесе түрлі түсті қарындаштармен сурет сала алды. Не болмаса алдымен қарындашпен жеңіл нобайлар түсіріп алуына болады. Аппликация техникасында жұмыс істейтін оқушылар алдымен негізгі қиылған бөлшектерді қойып шығады да, композиция ойластырады және осыдан кейін ғана жабыстыруға кіріседі.

Жұмыстарды таныстыру.
Дайын жұмыстарды тігінен қойыңыздар немесе тік бетке бекітіңіздер. Оқушылардан жаңа сөздерді қолдана отырып, шығармашылық жұмыстары жайлы айтып беруін сұраңыз.
• Ашықхат қандай мерекеге арналып жасалды?
• Ол кімге арналған?
• Ашықхатты безендірудегі идеяңды түсіндір.
• Ашықхаттарға қандай тілектер жазылған.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 503



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍