Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

 Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Өзен алқаптары өркениеттері
Сабақтың тақырыбы: Неліктен ежелгі өркениеттер өзен алқаптарында дамыды
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): 5.4.1.3 – ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
Сабақтың мақсаты: • Табиғаттың адам еңбегіне тигізетін ықпалын анықтау
• Өркениеттердің қалыптасу себептерін анықтау
• Өзен алқаптары өркениеттері шаруашылық түрлерінің (егін шаруашылығы, қолөнер және сауда) ерекшеліктерін сипаттау.
(БЫМ - бастапқы ынталандырушы материал)
Аман қалу үшін адамдарға не қажет екендігін оқушылардан сұраңыз. Адам денесінің суреті бейнеленген қағаздарды үлестіріп, адам денесі суретінің айналасына адамның негізгі қажеттіліктерін жазып шығуын сұраңыз. Оқушылар түрлі нұсқалар ұсынуы мүмкін: тамақ, су, киім, т.б. Оқушылардың бұл жауаптарын кейін ежелгі адамдардың тұрақты қоныстану үшін қай жерді таңдайтыны туралы дискуссия жүргізгенде қолдануға болады. Мұнда оқушыларды таза ауыз судың қажеттілігіне назар аударту қажет.

(М) Оқушыларға жұмбақ жасырыңыз.
«Оны тірі затпен салыстыруға болады: ол туылады, өседі, жұмыс істейді, қартаяды, өзіне тән мінезі болады, кейде тұрақты, кейде мазасыз болады».
Жауабы: ӨЗЕН. Бүгінгі сабақта осы өзендердің адамдардың өміріне қалай ықпал ететіні туралы білетін боламыз.

(Б) Қазіргі кездегі Қазақстанның картасын көрсетіп, талқылаңыз:
Кім өзенге барды? Ол қандай өзен? Үлкен бе, кіші ме? Терең бе, жоқ па? Таза ма, ластанған ба? Өзенде не істеуге болады? Өзеннің қандай пайдасы бар?
Оқушылардың болжамды жауаптары:
1)балық аулау
2) демалыс және емдік қасиеті бар
3) транспорт жолдары
4) ағынды судың энергиясы
5) тіршілік пен шаруашылық үшін тұщы су (су көздері).

Өзен алқаптары өркениеттерінің негізгі аумақтары белгіленген картаны көрсетіңіз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 715



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!