Тау жыныстары және пайдалы қазбалар (8 сынып, I тоқсан)

 Тау жыныстары және пайдалы қазбалар (8 сынып, I тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Тау жыныстары және пайдалы қазбалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.3.1.6 тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды
Сабақ мақсаттары: Әр түрлі деректерді талдау арқылы тау жыныстарын жіктеп, таралуын түсіндіре алады.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу.
Оңтайлы жұмыс ортасы қалыптастырылады.
«Ой шақыру»
Тау жыныстарының жер бедеріне байланысты таралуы бірдей ме?
Ерекшелігі неде?
Оқушылар жеке ойланады, өз ойларын сынып алдына ұсынады.
Мұғалім сабақтың тақырыбы және оқу мақсатымен таныстырады.
Мұғалім АКТ-ны қолдана отырып пайдалы қазбалардың пайда болу жолын түсіндіреді. Түсіндіру барысында пайдалы қазбалардың пайда болу жолы туралы оқыту фильімін көрсетеді.
Топтық жұмыс. Тапсырма 1
Постер дайындау. Оқушылар пайдалы қазбалардың таралу аймақтарын анықтап, сол аймақтың тектоникалық құрылымымен байланыстыра отырып, таралу себептерін түсіндіреді.
1 топ. Мұнай және табиғи газ
2 топ. Алтын,мыс, полиметаллдар
3 топ. Көмір,
4 топ. Бағалы металлдар немесе алмаздар және т.б
Оқушылар өз жауаптарын сынып алдына постер арқылы ұсынады.
Мұғалім кері байланыс жасау арқылы бағалау жұмысы жүргізіледі.
Бағалау критерийлері.
- Пайдалы қазбаны атайды.
- Пайдалы қазба тау жынысының қай түріне жатады.
- Қандай тектоникалық құрылымға сәйкес келеді.
- Таралу себебін түсіндіреді.
(Д) Дербес тапсырма. Тапсырма 2 (осы тапсырманы қалыптастырушы бағалау ретінде пайдалансаңыз да болады) Оқыту фильімінен және топтық жұмыста алған білімдері арқылы тапсырманы орындайды
Кескін картаға пайдалы қазбалардың таралу аймақтарын түсіру
Бұл жерде ең басты назарды осы пайдалы қазбалардың тау жыныстарының қай түріне жататындығын анықтап, оны жіктеп түсіру
Мысалы; алтын, мыс, полиметаллдар – магмалық тау жынысы деп осы пайдалы қазбалардың таралу аймақтарын шартты белгілермен түсіріп, орналасқан жерлерін тау екендігін білдіріп қоңыр бояумен бояп қою.
Мұнай, газ, көмір –шөгінді тау жыныстары
Мәрмәр –метаморфтық тау жыныстары деген сияқты (қосымша толықтыруға болады
Бағалау критерийлері № Дескриптор
тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуына талдау жасайды
1 тау жыныстары мен минералдардың қалыптасу заңдылықтарына байланысты пайдалы қазбалардың таралуын кескін картада көрсете алады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 187



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!