Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы (7 сынып, I тоқсан)

 Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы (7 сынып, I тоқсан)

Пән:География
Бөлім: Литосфера
Сабақ тақырыбы:Литосфераның құрылысы мен заттық құрамы
Сабақтың мақсаты: Литосфераның құрылысы мен заттық құрамын атау.
Сабақтың басы
І.Психологиялық ахуал тудыру:
А. Амандасу арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.
Б. Тау жыныстары бойынша «Сандар» әдісі арқылы 3 топқа бөліну /шөгінді, магмалық, метаморфты/
Сабақтың ортасы
ІІ.Тақырыпқа шығу. Мұғалім жаңа сабақты оқушыларға бастау үшін бейнеролик көрсетеді. Бейнероликті көріп болған соң бұл арқылы не ойлайтындығы сұралады:
 Сіз бейнеролик арқылы не байқадыңыз?
 Жердің құрылымы қандай қабаттардан тұрады?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Жұппенен өз ойларын бөліседі.
Мұғалім оқушыларға сұрақтар қою арқылы, оқу мақсаттарын анықтауға жетелейді
ІІІ. Оқушылардың іс-әрекеті.
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс
1- тапсырма: Тірек-сызба арқылы
«Жер қыртысының құрылысын» толтырыңыз.
Берілген тапсырмада оқушылар тірек – сызба жұмысы арқылы білу, түсіну дағдысын қалыптастырады.
Оқушылар жер қыртысының екі түрін ажыратып, жіктеп, тірек сызбаға жазу керек. (Материктік: шөгінді, гранит, базальт; Мұхиттық: шөгінді, базальт)
Бағалау: Оқушылар жұппен парақтарын ауыстырып, бірін бірі, «+»және «-» таңбаларын көрсету арқылы бағалайды. Мұғалім оқушылардың біліміне қолдау жасап, өзектендіріп отырады.
Картамен жұмыс:
Мұғалім оқушыларға атлас карталарын аша отырып, жер қыртысында кең таралған элементтер, тау жыныстары мен минералдарды картадан қарастыруға жетелейді. Оқушылар топпен өз ойларын айтады.
Келесі тапсырманы орындау үшін мұғалім оқушылардың назарын бейнематериалға аударады. Бейнероликті көріп болған соң мұғалім проблемалық сұрақ қояды:
 Материктер мен мұхиттық жер қыртысы арасындағы қандай ерекшеліктер бар?
Топтық жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс
2- тапсырма. Оқушыларға «Материктік жер қыртысы» және «Мұхиттық жер қыртысы» ұғымын талқылау ұсынылады, мәтінмен жұмыс істейді. Оқушылар материктік және мұхиттық жер қыртысы арасындағы ерекшеліктер жөнінде ұжымдық талқылау барысында идеялар тудыра алады. Топпен өз ойларын бөліседі, тыңдалым, айтылым дағдысын қалыптастырады.
Бағалау: Оқушылар бір-бірінің топтарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды.
Жұптық жұмыс. Қалыптастырушы жұмыс
3- тапсырма. Венн диаграммасы арқылы мұхиттық және материктік жер қыртысының айырмашылығын анықтаңыз.
Мұхиттық жер Ұқсастықтары Материктік жер
қыртысы қыртысы
Бұл жұмыста оқушылар мұхиттық жер қыртысы мен материктік жер қыртысының ортақ ұқсастықтарын анықтайды. Алдыңғы топпен жұмыс жасаған білімдерін қолдана алады. Жазылым дағдысын қалыптастырады.
Бағалау: Оқушылар бірін бірі «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 796



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі