Өмірдің өзі театр (8 сынып, IV тоқсан )
Пән: Қазақ тілі
Бөлім тақырыбы: Театр өнері мен мәдениеті
Сабақтың тақырыбы: Өмірдің өзі театр
Оқу мақсаттары: Т/А8.1.2.1 - әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдау;
ӘТН 8.4.4.4 –жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
• автор көзқарасын анықтап, экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды;
• жай сөйлемдерді айтылу мақсатын түсініп, құрылымдық ерекшелігін анықтайды.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
«Суреттер галереясы» әдісі.
Сынып қабырғасына театр өнері мен мәдениетіне қатысты суреттер ілінеді. Оқушылар суреттерді кезегімен көріп аралайды. Өзіне жақын тұрған сыныптасымен театр өнері мен мәдениеті туралы ойларын айтып әңгімелеседі.
Мұғалім оқушылардың ойын тақырыпқа алып келу мақсатында төмендегі сұрақтарды қояды:
• Әрбір мемлекет нарық заманына қарамастан театр өнері мен мәдениетіне аса көңіл бөледі. Неліктен?
• Қазақстандағы мәдениет пен өнерді қолдау мақсатында қандай жобалар жүзеге асуда?
• Қазіргі жастар телеарналар мен театрларда қандай жаңа қойылымдар болып жатқандығына қызыға ма? Неліктен?
1-тапсырма.
Оқушылар актер, халық әртісі Сәбит Оразбаевтың « Өмірдің өзі – театр» естелік әңгімесін тыңдайды және автордың көзқарасын анықтайды:
«Камал ағамыз нан жемейді»
«Әй, ақсақал, не сен ойна,не мен ойнайын…» Сахнаға Қодар шыққан кезде жұртшылық та шулап кетеді. Халықтың ұғымында ол өте жауыз адам ғой. Әсіресе, Қозы мен Қодардың қылыштасатын жері бар. Енді кездеспеуге серттесіп, екеуі екі жаққа кетеді. Сөйтсе залда отырған бір көрермен шал: «Әй, атаңа нәлет, Қодар, атаңа нәлет, ақыры осының түбіне жетесің-ау», деп, қайта-қайта айқайлап отыратын көрінеді. Бір кезде шыдамы таусылған Жантөрин сұсты көзін шалға қадап: «Әй, ақсақал, не сен ойна, не мен ойнайын. Неменеге менімен жағаласа бересің?» дейді. Шал: «Ойнай бер, ойнай бер, бірақ, бәрібір түбіне жетесің ғой» деп қоймайтын көрінеді. Ақырында Қозыға пышақ салып, өлтіріп жатқанда Қозының: «Баян, Баян. Арманда кеттім-ау, Баян» деп шалқасынан құлайтын жері бар ғой, соған келгенде әлгі шал орнынан атып тұрып: «Атаңа нәлет, Қодар, ақыры өлтіріп тындың ба?» дейді бар даусымен. Жұрт қой десе қоймайды. Содан Нұрмұхан қолында пышағы бар, тура әлгі шалға қатулы қабағымен қараған ғой. Әлгі шал: «Айттым ғой. Бұл енді мені өлтіреді», – деп сыртқа қарай тұра қашыпты.
Автордың көзқарасын анықтау мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап береді:
1. Автор неліктен өмірдің өзі театр дейді?
2. Көрермен қарттың әрекеті дұрыс/бұрыс па? Неліктен
3. Қазіргі актерлер өз кейіпкерлерін қалай сомдайды?
2-тапсырма.
Мұғалім ұсынған «Өмірдің өзі театр» жинағынан алынған үзіндіден автор көзқарасы мен экспресивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды.
Грамматикалық тапсырма.
Оқушыларға жай сөйлемдерді айтылу мақсаты мен құрылымдық ерекшелігі түсіндіріледі.
Хабарлы сөйлем Негізгі белгілері
Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Мысалы, Қойылымдағы бір адамның өмір жолынан өзінің өмірін көруі әбден мүмкін. хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады
белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ)
айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді
хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді
хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады
Сұраулы сөйлем Негізгі белгілері
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.
Мысалы, Қойылымдағы бір адамның өмір жолынан өзінің өмірін көруі мүмкі бе? бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады
сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады
сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады
сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақ, жетек сұрақ, анықтауыш сұрақ болып бөлінеді.
Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге театрға барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? «Астана Балет» театры қашан ашылды?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.
Жетек сұрақты сұраулы сөйлем – негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сөйлем. Мысалы:
– Гастрольдік сапарға кімдер барады?
– Жас қызметкерлер барады.
– Біздер ше?
Жетек сұрақты сөйлем толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады. Жетек сұрақ ше шылауының қатысуымен жасалады.Интонацияның ролі зор.
Анықтауыш сұрақты сөйлем – екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты сөйлем. Мысалы:
– Бұл рөлді кім ойнайды?
– Айбар ойнайды.
– Айбар?
– Иә, Тілек.
Лепті сөйлем Негізгі белгілері
Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.
Мысалы,
Шіркін, Абай ролін сомдасам ғой!
айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сұқтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т. б.
лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.
Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:
1) сөйлемнің етістік формалары арқылы. Мысалы: Көзі мұндай өткір болар ма!
2) сөйлемге -ақ, -ау, ғой, -ай шылауларының қатысуымен жасалады. Мысалы: Балам, қонақтарға бір күй тартып бере ғой! Қарағым-ай, қатты толқып тұрсың-ау!
3) көңіл күйді білдіретін одағай сөздердің қатысуымен жасалады. Мысалы: Пай-пай, дауыс деп осыны айт! Уһ, жеттім ғой ақыры!
4) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады
Бұйрықты сөйлем Негізгі белгілері
Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.
Мысалы, Шуламай, көңіл қойып тыңдаңдар! біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады
бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады
бұйрық не шартты райға -шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады
бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?