Абылай хан (6 сынып, II тоқсан )

 Абылай хан (6 сынып, II тоқсан )

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тарихи тұлғалар
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.4.1 Ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Сабақтың мақсаты: Мәтіндермен жұмыс істей отырып, тақырыбын, тідік ерекшеліктерін, мазмұндарын салыстыруға үйрену.
Сабақ барысы: Сәйкестендіру.
1 Публицистикалық стильдегі ақпараттық мәтін
2 Ауызекі стильдегі мазмұндау мәтіні
Мұғалім оқушыларды мәтінді зейін қоя отырып оқуға шақырады.
Шыңғыс хан 1224 жылдың күзінде ордасынан шығып, шығысқа қарай бет алады. Үш ұлы әкесімен бірге еріп шығады да, бірбеткей тұңғыш ұлы Жошы Қыпшақ даласында қала береді. Әкесі онымен қоштасарда былай деді: «Сені бөлек қалдырамын, менің шаңырағым мен мал-мүлкімнің жартысына қорған, бас-көз болуың үшін».
Әкесінің үмітін ақтау үшін Жошы бірден іске кіріседі.Қираған қалаларды қалпына келтіріп, онда халық орналаса бастайды. Ең алғашқылардың бірі болып Үргеніш тұрғызылады, онымен қатар бүкіл теріскей Хорезм жаңарады...
Бір күні бас ордаға моңғолдың маңғұт тайпасынан біреу келіп, Жошы ұлысының жерімен өткенде, аң аулап жүрген Жошыны көргенін жеткізеді... Ұлы ханға тұңғышы Жошының қайтыс болғаны жайлы суық хабарды бас кеңесшісі Ұлұғ жыршы жеткізеді...
Ұлы хан тек сол кезде ғана айналасын өрмекшінің торындай боп залымдық пен қитұрқы өсек-аяң қаптағанын түсінген секілді. Бірақ жасы егде тартқан шағында өзі де сол торға түсерін білмеді. Қайғы жұтқан азалы әке былай деп зар иледі: «Құлынынан айырылған құландай болдым, жаным жаралы. Балапанынан айырылған құладындайболдым, қайда менің баһадүр ұлым».
Мына сөзді естіген ордадағы бектер мен нояндар жабыла көңіл айтып, дауыс салуға бастады. Бірақ болар іс болған еді.
Жошы қасиетті Ұлытаудың етегіне жерленіп, басына үлкен мазар тұрғызылды. «Алтын Орда хандары»
Мәтінді түсініп оқығаннан кейінгі тапсырма ретінде мынадай тапсырма ұсынылады:
1. Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді ақпараттарды табыңыздар.
негізгі ақпараттар себебі...
қосымша ақпараттар себебі...
детальді ақпараттар себебі...
2. «Блокбастер» торының стилін анықта:
- негізгі ақпараттарды таңда;
- лайықты терминдерді пайдалан;
- жалқы есімдерді кіріктір;
- сан есімдерді қолдан.
ДЕСКРИПТОРЛАР
 мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды табады;
 детальді ақпаратты анықтайды;
 ақпараттарды жіктейді;
 жіктеу себебін түсіндіреді.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 142



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!