«Тілі байдың ойы да бай» (5 сынып, I тоқсан )

   «Тілі байдың ойы да бай» (5 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімнің атауы: Мәдениет: тіл және қарым - қатынас
Сабақтың тақырыбы: «Тілі байдың ойы да бай»
Оқу мақсаты: (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.2.1.1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау
5.3.1.1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
Сабақтың мақсаты:
 Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, дәлелдейді
 Мәтінге сәйкес қарапайым, күрделі жоспар құрастырады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру:
Топқа бөлу әдісі: конфет
I Білгірлер
II Тапқырлар
ІІІ Алғырлар
Қызығушылықты ояту
Оқылым алды тапсырма
Сынып қабырғасына түрлі суреттер ілінеді.
- Суреттер қандай тақырыпқа арналған?
- Суреттерде адамдардың қандай әрекеттері байқалады?
- Осы суреттер арқылы – сөйлеу, сөйлесу мәдениеті туралы не айтасыз?
Мағынаны тану
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, жинақы мәтін құрастырыңыз.
Мәтін Жинақы мәтін
Қымбат қазына
Ертеде бір тілге жүйрік, шешен қария көз жұмарында ұлына: «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет», - депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып- ашып жүріп, ауылдағы абыз ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:
-Е, балам, әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә! – деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
Өзара бағалау. «Бас бармақ әдісі» арқылы
2-тапсырма
Топтық жұмыс
1-топ
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
1. Жылқының 4 аяғына мәтіндегі негізгі тірек сөздерді жазады.
Ықтимал жауап: қария, қазына, әке, бала.
2. Жылқының басына мәтіндегі маңызды ақпартты қысқаша жазады.
Ықтимал жауап: Оның саған қалдырған мол мұрасы – қасиетті тіл.
3. Жылқының ішкі құрылысына мәтіндегі қосымша ақпаратты жазады.
Ықтимал жауап: Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік.
4. Жылқының құйрығына мәтін бойынша қорытынды жазады.
Ықтимал жауап: Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ па, сірә! – деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.
2-топ
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Орындалу барысы: басы – тақырыбы, үстіңгі сүйектері – тақырып бойынша басты мәселе, астыңғы сүйектері - себептері, факт, құйрығы - мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек.
Ықтимал жауап: Балықтың басы – әке өсиеті, үстіңгі сүйектері – қазына, мол мұра, астыңғы сүйектері - ақиқат, құйрығы - сөздің дәмін келтіретін тілдің қымбаттығы.
3-топ Өз ойыңызды «ПОПС» формуласы бойынша білдіріңіз.
«ПОПС» формуласы
1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »
2. Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »
3. Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »
4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...»
Дескриптор:
 Мәтін мазмұнын талдайды.
 Негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;
 Түйінді ой-пікірін білдіреді.
Өзін-өзі бағалау. «Бағдаршам» әдісі
Оқылымнан кейінгі тапсырма.
3-тапсырма
Оқылым мәтінінің негізінде кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімді анықтай отырып, қарапайым (күрделі) жоспар құрыңыз.
Ықтимал жауап:
I Кіріспе: Қарияның баласына қалдырған мұрасы.
II Негізгі: Баланың іс – әрекеті, абыз бен бала
III Қорытынды: Аталы сөздің шешімі
Өзара бағалау. «Екі жұлдыз,бір тілек».....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 207



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?