Ақын болғым келеді (1 сынып,1 бөлім )

 Ақын болғым келеді (1 сынып,1 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Ақын болғым келеді.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.1.1 сөз/сөйлем сызбасын оқу және құрастыру
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Оқу мақсаты: Сюжетті сурет бойынша әңгіме және сөз/сөйлем сызбасын құрастыру.
Сабақ барысы:
I Психологиялық ахуал
– Қайырлы күн, қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді ерекше көңіл-күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр.
Кәнеки, өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, Махаббат періштесі сыйлаған «сиқырлы таяқшаны» бір-бірімізге бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық. Осы таяқшаның көмегімен біз мейірімді сиқыршыға айналамыз. Балалар, мен өзімнің тілегімді бірінші айтайыншы:
Бақыт, шаттық тілеймін,
Ертемен барлық балаға.
− Ал енді мен Арманға «сиқырлы таяқшаны» берейін. Арман, айта қойшы, сен достарыңа не тілегің келеді?
Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.
– Жарайсыңдар, балалар! Енді, достарың сендерге жақсы тілектер айтып жатқанда қандай күйде болғандарыңды айта қойыңдаршы?
(Балалардың жауаптары.)
− Рақмет! Біз сондай жақсы сөздер, жылы-жылы лебіздер естідік! Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер доссыңдар және оның бәрін шын жүректен айттыңдар.
II Пысықтау
- Балалар өткен сабақта біз не өттік?
- Жарайсындар, біз өткен сабақта не істедік?
(оқушылардың жауабы)
- Дұрыс айтасындар балалар, ал енді мен сендерге басын айтамын, ал сендер ұйқас сөзді тауып аяқтау керексіңдер.
-Ра,ра,ра оқулыққа .....
Қы,қы,қы мәтінді ......
Аз,аз,аз, дәптеріңе .....
Ер, ер, ер, сұраққа жауап .....
Қы,қы,қы сабағыңды ....
Ол, ол, ол- жақсы бала ..... (Өткенді қайталау)
III Жаңа сабақ
(Ұ) «Ой шақыру» Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
• Кім үй салады?
• Кім бала оқытады?
• Кім адам емдейді?
• Кім нан пісіреді?
• Кім өлең шығарады?
-Дұрыс балалар, ақын өлең шығарады.
- Балалар ақын болу үшін адамда қандай қабілеттер болу керек деп ойлайсындар?
(оқушылардың жауабы)
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
(Т) Мақсаты: Топпен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру.
Оқушыларға суреттін бөліктері беріледі, олар өз бөліктерін тауып, 4 суретті құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді.
Балаларға өлеңді оқыту
Туған жер
Кең далада жүремін,
Бауырында ойнап күлемін.
Мен жерімді сүйемін,
Ол үшін отқа түсемін.
- Өлеңде не туралы айтылған?
- Ал сендер туған жер үшін не істей аласындар?
- Өлеңнің атын басқаша қалай атауға болады?
- Өлеңде неше жол бар?
(оқушылардың жауабы) Әр топ өленнің сызбасын А4 форматқа құрады.
Дискриптор
1 Өлеңнің әр жолы бас әреппен басталу 1 б
2 Сызба соныңда тыныс белгілердің болуы 1б
3 Сызбаның саны, сөздің санына сәйкес келу 1 б
Барлығы 3б
(өзара бағалау, басбармақ әдісі арқылы)
III Сергіту сәті
(Ұ) Мақсаты: Балалардың шаршағаның басып, сергітіп алу
Сергіту сәті «Қызыл гүлім – ай»
(Ө,Ж) «Суреттер сөйлейді» Мақсаты: Жұппен жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыру
Балалар сюжеттік сурет бойынша әңгіме құрастырып, бірін-біріне әңгімелеп береді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 965



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?