Сағат он екі болды (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

 Сағат он екі болды (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Уақыт
Сабақ тақырыбы: Сағат он екі болды
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 3.2.2.1 берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
3.2.6.1 мұғалімнің қолдауымен айтылуы мен жазылуында айырмашылығы бар сөздерді дұрыс айту
3.5.1.3* мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Тірек сөздерді қолдана отырып сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, ауызша және жазбаша сөйлеуде қосымшаларды орынды қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.
Сабақ барысы: Шаттық шеңбері «Жүрекше тілектер»
Оқушылар тілектер жазылған жүрекшелерді бір-біріне үлестіріп оқиды.
Кіріспе сұраққа жауап алу арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды?
- Балалар кім біледі? Дүниеде ең қымбат не?
- Біз уақыт туралы мәлімет аламыз
- Уақыт өлшемдерін айтып үйренеміз
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту:
Сағат, тура, кетті, қалды
Осы сөздердің мағыналарын суреттер арқылы меңгерту
тура кетті қалды
1.Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
2. Сөйлемдер құрастыру.
Сағат тура – төрт. Сағат он екіден он бес кетті. Сағат беске он бес қалды.
3. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
(Ж) Айтылым. Оқылым.
 Суреттер бойынша сөйлем құрастырып айтады.
 Бір – біріне сұрақ қояды
(Ж) Тыңдалым. Айтылым. 1-тапсырма.
Мәтінді мұқият тыңдайды, таныс емес сөздерге түсінік беріледі.
1. Сұраққа жауап береді.
2. Әнел кіммен сөйлесті?
3. Сағат неше болды
4. Әлібек мектепке нешеде барады?
Дескриптор:
- тыңдаған мәтіннің мазмұны бойынша әңгімелейді;
- таныс емес сөздердің мағынасын анықтайды.
(Т) Оқылым. 2 – тапсырма.
Суреттердегі мәтінді оқып, өз ойларын ортаға салады. Топ ішінде талқылайды.
Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ
- тапсырманы орындауда қателер болды.
- тапсырманы орындау қиын болды.
(Ө) Жазылым. «Мен білемін!» Тиісті қосымшаларды жалғап жазады, дәптерлерін мұғалімге тапсырады.
І. Менің ат... – Әлібек. Мен үшін.. .сыныпта оқи,,, . Сағат сегіз болды. Мен мектепке барам... .
ІІ. Інім... аты- Ғабит. Ол бес... . Сағат тоғызға он бес минут қалды. Ол балабақша... барады.
-мын -нің -ші -ым -ға -те
(Ж) Айтылым. Суретке қарап диалог құрастыр. Парталас көршіңмен сұхбаттас.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 829



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?