«Менің бір күнім» 9-сабақ (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

 «Менің бір күнім» 9-сабақ (3 сынып, II тоқсан, 3 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім Уақыт
Сабақ тақырыбы: «Менің бір күнім» 9-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1* белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру.
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.3*мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі етістіктің шақ, рай формаларын ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
оқыған мәтіннің мазмұнын түсінеді және мұғалімнің қолдауымен сұрақтарға жауап береді, сөйлеуде /жазуда келер шақты қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
Сөздер мен сөйлемдердің мағынасына сәйкес әрекет жасайды, тақырып бойынша диалогке қатысады, сөйлемді келер шақта дұрыс құрайды.
Оқушылардың кейбірі:
Тақырып бойынша сұхбаттасу барысында басқалардың ойын толықтырады, қосымша ақпаратымен бөліседі.
Сабақ барысы: «Атомдар мен молекулалар » тренингі
Мұғалім «атомдар» дегенде оқушылар шеңбер бойында жүре бастайды, «молекулалар» дегенде бір-бірін құшақтай алады. Бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді.
Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды.
- Сенің күн тәртібің қандай?
- Мектептен кейін қайда барасың?
- Кешке не істейсің?
- Бүгінгі сабақ не жайлы болады?
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындаймын;
- Берілген тақырып бойынша сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап беремін;
- етістіктерді дұрыс қолданамын.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Күндіз, түнде
1. Осы сөздердің мағыналарын дефиниция тәсілі арқылы меңгерту. Жаңа сөздерге мағынасы жуық сөздерді сәйкестендіреді.
Күндіз Түнде
мектепте оқимын ұйықтаймын
ойнаймын демаламын
үйірмеге қатысамын жұлдыздар болады
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
- дұрыс айтуға дағдыланады
3. Сөйлемдер құрастыру.
Маржан күндіз сабақ оқиды. Түнде аспанда жұлдыздар болады.
5. Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазады.
1-тапсырма
(Т) «Қызықты суреттер» тәсілі арқылы сурет бойынша мәтін құрайды.
Дескриптор:
- құрастырған мәтіннің мазмұнын түсінеді;
- сұрақтарға жауап береді.
- сөйлемдер құрайды.
Кері байланыс: Не қиын болды? Не жеңіл болды?
2-тапсырма
(Ж) Диалогты оқы, жұбыңмен жалғастыр.
- Арман, сен қайда барасың?
- Мен шахмат үйірмесіне барамын. Ал сен ше?
Дескриптор:
- сұрақтарға жауап береді.
- сөйлемдер құрайды.
- ауыспалы келер шақтағы етістіктерді қолданады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 495



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?