Ақылды Мирас № 10 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

  Ақылды Мирас № 10 (3 сынып, I тоқсан, 2 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы: Ақылды Мирас № 10
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 4.1 Мәтінді түрлі формада ұсыну
3.4.1.1* тірек сөздер, сызбалар, суреттер, символдарды қолданып, постер/мәтін құрастыру
4.5 Орфографиялық дағдыларды дамыту
3.4.5.1 жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазу
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.4* мұғалімнің қолдауымен жіктеу есімдіктерінің септелуін және септеулік шылауларды ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мұғалімнің көмегімен мәтін құрастырады, жаңа сөздерді орфографиялық сөздіктерге сүйеніп жазады, сөйлеуде /жазуда жіктеу есімдіктерін қолданады.
Оқушылардың көпшілігі:
Тірек сөздер арқылы мәтін құрастырады, сөздерді сауатты жазады, сөйлеуде /жазуда жіктеу есімдіктерін дұрыс қолданады.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтін құрастыруда тірек сөздерді орынды қолданады, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады; сөйлеуде /жазуда жіктеу есімдіктерін лексика-грамматикалық нормаға сай қолданады.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбер: «Жылы жүрек!»
Оқушылар шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады. Бір-біріне жақсы қасиеттерін ізгі сөздермен, көтеріңкі көңілмен жеткізеді. Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейірімдісің, өте ұқыпты баласың, адал доссың, қайырымдысың, әдептісің, өнерлісің, еңбекқорсың, ақылдысың, т.б.
Оқушылар берілген сөздерден мақал құрастырады, жаңа сабақтың мазмұнын болжайды.
Ақыл азбайды, білім тозбайды.
Білім көзі - ақылда.
Ақыл басқа - қына тасқа.
Балалар бұл мақалдар не туралы?
Бүгінгі тақырып қалай аталады деп ойлайсыңдар?
Ақылды бала дегенде қандай ой келеді?
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
- тірек сөздер арқылы мәтін құрастырамын;
- сөздерді сауатты жазамын;
- сөйлеуде /жазуда жіктеу есімдіктерін дұрыс қолданамын.
(Ұ, МК) Жаңа сөздерді меңгерту: Ақылды, жаман
1. Осы сөздердің мағыналарын синонимдері, антонимдері, суреттері арқылы меңгерту
Жаңа сөздер Мағынасы жақын сөз Мағынасы қарама-қарсы сөз
қате бұрыс дұрыс
рас шын өтірік
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды;
3. Сөйлемдер құрастыру.
Мұғалім қатемді түзетті. Марат рас айтады.
5. Жаңа сөздерді орфографиялық сөздікке сүйеніп дәптерге жазады.
Оқылым алдындағы сұрақтары.
(Ұ) Ой шақыру:
- Балалар, сендер кітап оқығанды жақсы көресіңдер ме?
- Қандай кітап оқисыңдар?
Оқылым кезіндегі тапсырма.
(Ұ) Мәтінді оқиды, түсініксіз сөздердің астын сызады.
Мирас – ақылды бала. Ол кітапханаға жиі барады, себебі кітап оқығанды жақсы көреді. Бүгін ол кітапханадан ертегі алды. Кешке анасына оқыған ертегісі туралы айтты. Ертегі өтірік айтып, соңында өз қатесін түсінген түлкі туралы екен. Мирас анасына:
- Ана, ертегі қызықты ма? - деді.
- Рас, қызықты екен деді, - анасы.
(Ұ) «Попкорн» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтінге ат қояды.
Мирас қандай бала?
Неліктен Мирас кітапханаға жиі барады?
Мирас анасына не туралы ертегі айтып берді?
Анасына ертегі ұнады ма? Неге?
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
(Т) Оқушылар түстер бойынша топқа бөлінеді. Берілген тірек сөздер мен суреттерді пайдаланып, постер құрастырады, басқа топтардың алдында қорғайды.
Тірек сөздер: кітап оқу, кітапханаға бару, ертегі айту, рас, қате.
Дескриптор:
- сурет бойынша постер құрастырады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады;
- сөздерді сауатты жазады;
- постерді қорғайды.
Кері байланыс. «Смайликтер» арқылы кері байланыс жасайды.
- тапсырманы дұрыс орындадым, қате жоқ
- тапсырманы орындауда қателерім болды.
- тапсырманы орындау маған қиын болды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 815



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?