Бұл - малдың төлі №4 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Бұл - малдың төлі №4 (3 сынып, I тоқсан, 1 бөлім)

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат
Сабақ тақырыбы: Бұл - малдың төлі. №4
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 1.1 Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну
3.1.1.1 анық айтылған сөзді тыңдап,түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындау
2.3 Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)
3.2.3.1 белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру
5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)
3.5.1.2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары;
1. Тыңдаған мәтінді түсініп, нұсқауларды орындау
2. Тақырып бойынша сұрақтар құрастыру және жауап беру
3. Сөздерге септік және тәуелдік жалғауларды жалғау
Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтінді түсінеді, сұраққа жауап береді
Оқушылардың көпшілігі: түсінгені бойынша қарапайым нұсқауларды орындайды, сұрақтар қояды, жалғауларды дұрыс қолданады
Оқушылардың кейбірі: сөйлемді сауатты құрайды, тақырып бойынша білетін ақпаратымен бөліседі.
Сабақ барысы: «Комплимент»
Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Кез келген қатысушы бір жағымды комплимент айтады. Шеңберде отырған оқушылар бұл комплименттің кімге арналғанын табуы керек. Комплимент алған оқушы ойынды әрі қарай жалғастырады.
Өткен тақырыпты еске түсіру.
«Қарлы кесек» ойыны
Оқушылар шеңберге тұрады. Ойын бастаушы қағаздан жасалған домалақ қарды кез келген оқушыға лақтырады да, өткен тақырыптар бойынша сұрақ қояды. Ойын осы тәртіппен жалғаса береді.
Сабақ мақсатымен таныстыру
Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінемін.
Тақырып бойынша диалогқа қатысамын.
Сөздерді дұрыс байланыстырамын.
(МК, Ұ) Жаңа сөздерді суреттер арқылы меңгерту
Құлын, бота, бұзау, қозы, лақ
Сөз тіркестерін және сөйлемдер құру
Сүйкімді құлын. Құлын – жылқының төлі.
Екі бота. Бота- түйенің төлі.
(Ө, Ж) Тыңдалым
Тыңдалы мәтіні
-Сен төрт түлік малды білесің бе?
-Иә, білемін.
-Атап шықшы.
-Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой мен ешкі.
-Түйенің төлі не?
-Түйенің төлі –бота.
-Сиырдың төлі не?
-Сиырдың төлі –бұзау.
-Қойдың төлі не?
-Қойдың төлі –қозы.
-Жылқының төлі не?
-Жылқының төлі –құлын.
-Ешкінің төлі не?
-Ешкінің төлі –лақ.
Мәтінді тыңдайды. Әр оқушы өздігінен тапсырманы орындайды да, көршісіне суретті пайдаланып, малдардың төлдерін көрсетеді және атайды. Бірі –сөйлейді, екіншісі- тыңдайды. Содан кейін рөлдерімен ауысады. Бір-бірін «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды.
(Ө) Жазылым. Көп нүктенің орнына керекті қосымшаны жалғап жазады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар сөз тіркестерімен сөйлемдер құрайды.
Үлгі: Ешкінің лағы. Ешкінің лағы тастан секірді.
Қой... -дың
-нің
-ның қозы... -ы
-сы
Ешкі... лақ...
Жылқы... құлын...
Түйе... бота...
Сиыр... бұзау...
Тапсырманы орындап болған соң, тақтадан дұрыс нұсқа көрсетіледі.
«Өзін-өзі бағалау баспалдағы» арқылы өзін-өзі бағалайды.
МЕН ІСТЕДІМ, ҚОЛЫМНАН КЕЛДІ
МЕН ІСТЕЙМІН
МЕН ІСТЕЙ АЛАМЫН
МЕН ТЫРЫСЫП КӨРЕМІН
МЕН ҚАЛАЙ ІСТЕЙМІН?
МЕНІҢ ІСТЕГІМ КЕЛЕДІ
МЕНІҢ ІСТЕГІМ КЕЛМЕЙДІ
МЕН ІСТЕМЕЙМІН ....



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 445



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?