ҚМЖ. Теңге күні - Теңге тәуелсіздік келбеті
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар
Тәрбие сағаты | «Теңге тәуелсіздік келбеті» | |
Күні | ||
Класс жетекші: | ||
Класс: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын) | «Теңге тәуелсіздік келбеті» | |
Сабақтың мақсаты: | Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. | |
Құндылықтарды дарыту | Ұлттық мүдде | |
Ресімдеу | Слайд,презентация | |
Музыкалық және бейне көркемдеу | интерактивті тақта, слайд | |
Үлестірмелі материалдар | мақал – мәтелдер жазылған кеспе қағаздар | |
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер | Презентация | |
Дайындыққа арналған әдебиет | Интернет материалдары | |
Сабақтың барысы |
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин) | Ұлттық валюта-төл теңге Қазақстан Республикасы – егеменді, тәуелсіз демократиялық мемлекет. Оның өз Ата Заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар.Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша – асыл қазына, халық байлығы. Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. | Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады. | Компьютер |
Сабақ басы (13 мин) | Дұрыс -бұрыс1 Қазақстан валютасы басқа елден әкелінеді.2 Ақша – халық байлығы.3 Теңгеде 6-ға жуық құпия белгі бар.4 Ұлттық теңге дербес ел болғанымыздың белгісі?5 Ұлттық валютамыздың дизайнын жасаушы авторлық топтың жетекшісі Шәкен Ниязбеков.6 Тиыннан теңге құралады.7 Ұлттық валютамыз 1991 жылы 16 желтоқсанда айналымға енді.8. Тәуелсіз елдің басты белгілерінің бірі - үлттык ақшасы.9. Қазақстанның төл тенгесі 1993 жылы қазан айында шықты.10. Теңгенің шеттеріне ою - өрнек салынған.11. Теңгемізде мемлекеттік тудың суреті салынған. | Бесжолдық өлең.1.Теңге ( тақырып, 1 сөз)2.Құнды, сиқырлы (екі сын есім)3.Арнаулы шеберханада жасалған( қимыл, іс-әрекет,3 сөз)4.Туған елімнің айрықша белгісі( сезім, 4 сөз)5.Қазына.( синоним, 1 сөз)Жағдаяттық тапсырма 1-жағдай:Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді,базардағы оқулық бағасы 800 теңге.Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-әрекетің …? | Презентация
|
Ортасы (20 мин) | «Сұрақ - бізден, жауап – сізден». /Аукцион/1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.2. Ұлттық валюта дегеніміз не?3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім? | Мақал - мәтелдегі бос орынға төмендегі сөзді жазу.( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)1. _____ тиыннан өсер.Жылқы құлыннан өсер.2. Есепсіз ______ жоқ.3. Алтын тапсаң _______ ал.4. Ақша кетуге тырысады,_________ ұстауға тырысады.5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.6.______ оңай, жинау қиын.7. Ақша ашпайтын _________ жоқ. | презентация |
Соңы | Терминдердің мағынасын ашып айт1) Тарих2) Геральдика3) Виксикология4) Сфрагистика5) Герб Жауаптары:1) «Зерттеу», «Оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағына білдіреді.2) Елтаңбаларды зерттейтін ғылым саласы3) Туларды зерттейтін ғылым саласы4) Мөрлерді зерттейтін ғылым саласы5) Белгілі бір айшықты белгісі бар мемлекеттің негізгі таңбасы, нышаны. | Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.1. Ресей ___________2. Қытай ___________3. Қырғызстан ___________4. Өзбекстан ___________5. Үндістан ____________6. Германия _____________7. Египет _____________8. Англия _____________9. АҚШ ______________10. Түркия ______________ | презентация |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?