Төл теңгенің тарихы (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

 Төл теңгенің тарихы (5 сынып, III тоқсан, 2 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің - Тәуелсіз Қазақстаным.
Сабақтың тақырыбы: Төл теңгенің тарихы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:ТБ1. Сөз таптары
Сабақ мақсаты: Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
2. Сергіту сәті:
«Жаңбыр түрлерін бейнелеу».
Оқушылар шеңберге тұрып, мұғалімнің қимылдарын қайталайды. Жаңбырдың тамшылағанын, үдегенін, нөсерлегенін, қатты жауғанын, күн шығып, шуағын төккенін көрсетеді.
3. Топқа бөлу. Оқушыларға әртүрлі мың теңгелердің суреттері беріледі. Соған сәйкес өз топтарын анықтайды.
4. Жаңа тақырып, оқу мақсаттары, жетістік критерийлерімен таныстыру.
Назарын шоғырландыру
Теңге туралы қандай қызықты деректер білеміз?
Теңге күні қашан аталып өтеді?
Ең әдемі теңге болуға қай теңге лайықты деп ойлайсыз?
Егер қолыңызда жүз мың болса не істер едіңіз? Қайда жұмсар едіңіз?
1-тапсырма. Жақсы оқушылар, біз алдыңғы сабақтар өз жұмыстарымызда «және, әрі, мен/бен/пен, да/де, та/те, бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да» жалғаулықтарын қолданып келдік.
1. Бұл жалғаулықтардың ерекшелігі неде екен?
2. Сөйлемде қандай қызмет атқарады екен?
3. Бұларды қандай топтарға бөлсек болады(мағынасы мен қызметіне қарай)?
4. Сіздер бұларға қандай атау берер едіңіздер?
Топ ішінде осы сұрақтарды талқылап, ортақ тұжырым шығарамыз.
Топтар өз тұжырымдарымен бөліседі. Сынып өзіндік ортақ тұжырымын жасайды. Мұғалім көмекші, бағыттаушы сұрақтар қойып отырады. Нақты қорытынды жасалады. Жазылып алынады. Мұғалім тақтада ережені көрсетеді немесе таратып береді, оқушылар өз қорытындыларының дұрыстығын салыстырады. Толықтыратын тұстарын жазып алады.
«Жалғаулық шылаулар: Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді ыңғайластыра (тең дәрежеде) байланыстыратын сөздер жалғаулық шылаулар деп аталады. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас құрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:
1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және әрі.
2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да»
Топтарға өлең жолдары таратылып беріледі. Оқушылар топ ішінде өлеңнің идеясын, мағынасын анықтайды. Кілт сөздерді белігелейді.
1. Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.
Түні нұрлы, ақ таңы,
Жері гүлдей бақтағы.
Ел ырысы – тайқазан,
Төл теңгеміз қақпағы.
Қазынамыз толығып,
Болсын дәйім жолы құт!
«Төл теңге – елтірегі!»
Деп құрметтер оны жұрт.
2. Теңге отыр шалқайып,
Сом отыр шай құйып.
Доллар отыр қан-жоса,
Франк болса далбаса.
Лира жатыр ес-түссіз,
Иена отыр үн-тұнсіз.
Рубль отыр жымиып,
Риял келеді тыриып.
Бәрі теңгеге қарайды,
Оған бата алмайды.
Аузына қарайды,
Айтқанын орындайды.
Теңгеден озбайды,
Оны тыңдайды.
Артық іс қылмайды,
Себебі теңге.
Жамандық қылмайды,
Әділдікті қолдайды.
3. Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем
Теңгемде бар бейнесі
Ел таңбасы елімнің
Тапталып жатса егер ол,
Қадірі кетер елімнің.
Мақтансаң, мақтан елім деп,
Тани біл елдік таңбаңды.
Тәуелсіздікке тән белгі,
Қасиетті осы рәміздер.
Еліме рух мән берді,
Иесі оның
Топ ішінде талқылап болған соң, әрбір топтан бір оқушы өлеңді оқып, қорытындыларын негіздеп береді. Келесі кезекте оқушылар өлеңнің негізгі идеясын сақтап оны қара сөзге айналдырулары тиіс. Ең басты талап жазба жұмысында «және, әрі, мен/бен/пен, да/де, та/те, бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да» жалғаулықтарының толықтай қолданылуы.

Бағалау критерийі Дескриптор
Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану. Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін біледі
Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтарды ауызша жұмыстарда орынды қолданады
Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтардың өзіндік қорытындылары негізінде ережесін жасайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 059



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!