Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Лекция тақырыбы:
Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Лекция жоспары:
Сайлаудың мәні.
Сайлау жүйелері.
Референдум: ұғымы,түрлері.
Демократиялық мемлекеттің маңызды белгісі-оның азаматтарының лауазымды адамдар мен мемлекеттік билік органдарын, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға еркін дауыс беру арқылы қатысыу болып табылады.
Ресей Федерациясы
Конституциясының
3-бабына сәйкес
референдум
мен еркін сайлаулар
халық билігінің
жоғары көрінісі болып
саналады
Өзбекстан Республикасы
Конституциясының
10-бабында:
“Өзбекстан халқы атынан
тек Ұлы Мәжіліс пен
Республика Президенті
ғана сөйлей алады”, - деп
жазылған
Эстония Республикасы Конституциясының 56- бабында
бұл елдегі жоғарғы мемлекеттік билікті халықтың өзі дауыс
беруге құқылы азаматтары арқылы:
1) Мемлекеттік жиналысқа сайлау жолымен;
2) Референдум жолымен (жалпыхалықтық дауыс беру)
жүзеге асыратыны жазылған
Көп елдердің саяси өмірінде сайлау рөлі мен мағынасы бірдей еместігі белгілі
Қазіргі заманғы мемлекеттердің бәрінде де сайлау құқығы конституциялар бойынша, негізінен, институттандырылған
Ресей Федерациясының Конституциясы бойынша Ресей Федерациясының азаматтары мемлекеттік басқару органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайлауға және сайлануға құқықты. Бұл елде мемлекет басшысы оның өэ азаматтарының жалпығы бірдей және тікелей сайлау құқығы негізінде дауыс беруі арқылы сайланады.
ФРГ-ның да Негізгі заңында мемлекеттік биіліктің халық тарапынан, сайлау және оған дауыс беру арқылы жүзеге асырылатаны жазылған. Португалия парламенті (Ассамблея) елдің конституциясына сай жалпыға бірдей, тең әрі төте сайлауларда жасырын дауыс беру арқылы құралады.
Ал, Түркия Республикасының Конституциясына сәйкес сол елдің азаматтары заңда көрсетілген шарттарға лайықты сайлауға, сайлануға және жалпыхалықтық референдумдарға қатысуға құқылы. Сайлаулар мен жалпыхалықтық референдумдар еркін, тең, жасырын, бірсатылы, жалпыға бірдей болады, Дауыстарды есептеу мен есепке алу ашық түрде әрі басшылар мен сот бақылауында өткізіледі. 21 жасқа толған әрбір түрік азаматы сайлауға және жалпыхалықтық референдумдарға қатысуға құқылы.
Литва Республикасы Конституциясының 34- бабына орай, әрбір Литва азаматтары сайлау болатын күні 18 жасқа толса, сайлау құқығына ие. Сайлану құқығы Литва Республикасының Конституциясында және сайлау туралы жалпы заңдарда бекітіледі. Сайлауға сот қабілетсіз деп танылған азаматтар қатыспайды.
Конституциялық ережелер өзі тән мемлекеттердің ағымдағы заңдарымен дамып отырады. Мысалы, соғыстан кейінгі Германияның тарихында жалпыға бірдей тікелей жасырын сайлау жүргізу заң әуелі (1867 жылғы 17 көкек) Солстүстік Германдық Одақтық сайлау заңында, кейін (1869 жылғы 31 мамыр)Рейхстагка сайлау туралы Заңы мен (1871 жылғы 16 көкек) Германия империясының сайлау туралы заңында қарастырылған. ФРГ-ның қазіргі күшіндегі Негізгі заңында елдің сайлау жүйесін аңықтайтын қандай да бір болмасын жеке ережелер жоқ. Оны 1956 жылдың 7 мамырындағы сайлау туралы федеральдық заңдар реттейді, Германия Бундестағына депутаттар тікелей, тең, еркін және жасырын сайлау арқылы сайланады.
Жоғарғы Кеңес депутаттары – Қырғыз Республикасының парламенті депутаттары – Жоғарғы Кеңеске депутаттар сайлау туралы заңға сәйкес еркін, жалпыға бірдей, тең сайлау құқығын пайдалана отырып, тікелей сайлаулар жүргізу барысында, жасырын дауыс беру арқылы сайланады.
Жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйіне отырып, сайлаулар, әдетте, тек жалпыға бірдей, тең төте және еркін құқыктар негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүргізілетінін
көреміз.
Жалпыға бірдей сайлау құқығы деп, мемлекеттің
сайлауға қатысуға құқығы бар барлық
азаматтарының сайлауға қатысуын айтады.
Әлбетте, сайлауға соттар қабілетсіз деп танығандар,
сол секілді еркінен айрылып, түрмеде отырғандар
қатыспайды.Сондай-ақ кейбір елдердің
конституциялары мен заңдары мұнан басқа да
шектеулер ықтимал. Мысалы, Түркия Республикасының
Конституциясының 67-бабында “жалпыға бірдей
сайлауларға дауыс беруге нағыз әскери қызметтегі
солдаттар мен унтерофицерлер, әскери курсанттар
қатыса алмайды” деп көрсетілген
Тең сайлау құқығы.
Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар
негізінде қатысады
Төте дауыс беру.
Кандидаттарды
азаматтар
тікелей сайлайды
Жасырын дауыс
беру.
Сайлаушылардың өз
еркімен көңіл
білдірулерін
бақылауға алуға
тыйым салынады
Сайлау еркіндігі.
Сайлау азаматтардың
сайлауға және
сайлануға
байланысты
өз құқықтарын еркін
жүзеге асыруына
негізделеді
Сайлау жүйесі деп
сайлауға қатысқан сайлаушылардың
дауыс беруін
есептейтін заң тарапынан
белгіленген
есептеу тетігін айтады
Мажориталық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп, дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады
Өз кезегінде, мажоритарлық жүйе
төмендегі екі түрге:
берілген дауыстардың абсолютті басымдылығына және берілген дауыстардың салыстырмалы (относительно) басымдылығына бөлінеді
Абсолютті басымдылық жүйесінде сайлаушылардың 50 проценттен (50% +1) басымы дауыс бергенде кандидат сайланды деп есептеледі. 1958 жылдан бері мұндай жүйе Францияда бар.
Ал, салыстырмалы басымдылық жүйесінде басқа кандидаттардың бәріне қарағанда көп дауыс алу мүмкіндігіне орай жеңген кандидат сайланады. Мұндай жүйе өте көп таралған әрі көп қолданылады. Мысал ретінде АҚШ, Ресей, Индия, Ұлыбритания, Өзбекстан, т.б. көптеген елдерді атауға болады.
Тепе-теңдік (пропорциялық) сайлау жүйесінің можоритарлық сайлау жүйесінен айырмашылығы бар. Яғни, тепе-теңдік сайлау жүйесі басымдылық принципіне емес, қайта алынған дауыстар мен жеңіп алынған маңдаттардың тепе-теңдік принципіне сүйене жасалады.
Тепе-теңдік жүйе толық (яғни,сайлау округі болып бүкіл ел саналса)және шектеулі (яғни, елдің аумағында бірнеше округтер құрылған болса) болуы мүмкін. Тепе-теңдік жүйе бойынша Жапония, Бельгия, Италия, Норвегия, ФРГ, Швейцария және т.б. елдер сайлау өткізеді.
Тепе-теңдік жүйеде әрбір саяси партия сайланатын орынға өзі кандидаттарының тізімін ұсынады, ал сайлаушылар, әдетте, бұл тізімге тұтастай дауыс береді.
Аралас жүйе деп парламенттің бір бөлігін мажориталық жүйемен, бір бөлігін партиялық тізіммен (тепе-теңдік жүйемен) жүзеге асыруды айтады.
Аралас жүйе, мысалы, Герман Бундестагына сайлауда ФРГ-де қолданылады. 1994 жылы 16 қазанда Бундестагтың кезекті сайлауында депутаттардың жартысы
(барлық депутаттар - 656) бірмандатты округтер бойынша көпшілікке бағынышты мажоритарлық жүйемен, ал екінші жартысы-тепе-теңдік жүйемен (саяси партиялардың тізімі бойынша) сайланды
Әлемдік тәжірибеде Жапонияның сайлау жүйесі қарапайымға жатпайды, ең күрделі сайлау жүйелерінің бірі болып табылады. Ол мажориталық жүйеге және көпмандатты сайлау округтеріне негізделген. Мұның үстіне кеңестер палатасы мен өкілеттік палатаға өкілдер сайлау үшін сайлаушылар округтерін құру әр түрлі жолдармен жүргізіледі. Мысалы, төменгі палатаға сайлау үшін сайлаушылар бір округтік дауыс берсе, ал жоғарғы палатаға екі округттен дауыс береді. Өкілеттік палатаға сайлау өткізуде көпмандатты (2-6 депуттатар) округтер құрылады. Онда ресми тіркелген саяси партиялардың белгілі өкілі ретінде өкілеттік палата депутаттығына барлық депутаттар тіркеліп, сайлауға түседі. Кеңестер палатасы сайлауында әрбір префектура көпмандатты (2-8 депутаттар) округ болып табылады. Бұл округтен парламентке сайланған 100 депутат бұрын әрбір партия өз тізіміне енгізген кандидаттар арасынан, ресми сайлаулар қарсанында алдын-ала өткізілген дауыс беру нәтижесінде, әрбір партиялардан таңдап алынған кандидаттар санына тепе-тең түрде тандап алынады.
Жалпыұлттық округтерде мұндай тепе-теңдік өкілдік жүйесі 1982 жылдан бастап енгізілген. Ал 1983 жылы бірінші рет парламенттік сайлауларда қолданыла бастады.
Демократияның тікелей әрі маңызды
түрі референдум
болып саналады.
Осыған орай Өзбекстан Республикасы
Конституциясының 9-бабында:
«Қоғамдық және мемлекеттік
тұрғыдан ең маңызды да көкейтесті
мәселелер халықтың талқылауына
шығарылып, жалпы дауыс беруге
ұсынылады /референдум/
делінген
Референдумды өткізу тәртібі
заңмен белгіленеді.
Қырғыз Республикасы
Конституциясының 1-бабы бойынша:
«Халықтың еркін анықтап алу үшін
заңдар мен соған ұқсас мемлекет
өміріне қатысты мәселелер
референдумға
қойылуы мүмкін. Референдум өткізудің
негіздері мен тәртібі конституциялық
заңдармен белгіленеді».
Референдумның басты мақсаты
жалпымемлекеттік тұрғыдағы
ең маңызды мәселелерді /мысалы,
мемлекет басшысының не парламенттің
елге үндеуі/ не болмаса жергілікті
маңызды мәселелерді /
/жергілікті басқару органдарының
жергілікті сайлау корпусына үндеуі/
сайлау корпусына таратып,
шешуді білдіреді.
Референдумда қойылатын мәселелерді өз мәніне қарай төмендегіше бөліп көрсетуге болады:
Конституциялық /өзгертулер мен толықтырулыр енгізу үшін ұсынылатын жаңа конституция жобасы/;
Заң шығарушы /жаңа заңның жобасы немесе күші бар заң/;
Консультациялық /мысалы, нақты бір елдің халықаралық қатынасына тікелей тиісті маңызды бір мәселе бойынша жұртшылық пікірін білуді ұйымдастыру. Осындай референдум Швейцарияда оның БҰҰ –ға мүше болып кіруі алдында өткізілді/;
Міндетті /референдум өткізуді конституция бекіткен. Мысалы, Жапония Конституциясының 96-бабында парламенттің екі палатасы қуаттаған елдің Негізгі заңына жасалған өзгертулер жобасы референдумға қою міндеттелген; сол секілді Өзбекстан Республикасы Конституциясының 74-бабына сәйкес Қарақалпақстан Өзбекстан Республикасы құрамына қарақалпақ халқының жалпыға бірдей референдумы негізінде шыға алады/.
Факультативтік /кейбір мәселелерді референдумда өткізу, әдетте өкіметтің немесе сайлау корпусының еркіне беріледі. Кейде, мысалы, Литва Республикасы Конституциясының 9-бабына сәйкес референдум сайлау құқығына ие 300 мыңнан кем емес азаматтардың талабымен де өткізіледі/.
Осы арада сайлаудың да, референдумның да бір-біріне ұқсас жақтары көп екенін айта кеткеніміз жөн: олардың екеуіне бірдей дәл сол сайлау корпусының өзі қатысады; оны әдетте дәл сол органдар өткізіп, дауыс беру нәтижелерін де солар жүзеге асырады. Алайда, бір-біріне ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де бар. Ол жайлы айтар болсақ, әуелі сайлауда еркін білдірудің негізгі объектісі болып әрдайым адам саналса /депутатқа, президентке және т.б./, ал референдумда қандай да бір нақты мәселе /конституция жобасы немесе аса маңызды ішкі саяси немесе халықаралық мәселелерді қамтитын және т.б. заңдар/ қаралады.
Екіншіден, сайлауларда дауыс беру нәтижелері мажоритарлық, тепе-теңдік, аралас жүйелермен анықталатын болса, ал дауыс берудің нәтижелері референдумда тек мажоритарлық жүйемен жүзеге асады. Сонымен қатар, референдум өткізгенде әдетте, сайлау округтері құрылмайды. Шетелдердің мемлекеттік тәжірибелерінде одан да басқа өзгешеліктердің болуы ықтимал.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?