Махаббат – өмір көркі..


Ессізге мені балама,

Есеппен бағым жана ма?

Бір жүрек салған жараны,

Мың жүрек емдей ала ма?

Сен мендей бола аласың ба?

Қорықпай ораласың ба?

Мәнтіреп кеттік расында,

Ғасырдың өларасында.

Адасып бізден албырттық,

Сайтанға сезімді алдырттық.

Сары уайым кешкен салғырттық,

Жіберді бізді мәңгүрт қып.

Сен мені неге алдадың,

Өкінту ма еді сондағың?

Бір тамшы көздің жасына,

Тұншығып неге қалмадың?

Өткеннің орны толмайды,

Есіме салма ол жайлы.

Нүктесіз сөйлем болмайды,

Нүктесіз өмір болмайды.

Махаббат өмірдің гүлі,

Махаббат жүректің үні.

Махаббат табиғат

заңы,

Оны білмеген даланың

аңы.

Махаббат деген

Махаббат деген- қазына күшің жетіп қаза алсаң,

Махаббат деген- оралмас күтіп қанша сазарсаң..

Махаббат деген- торда бар шыға алмассың қамалсаң

Махаббат деген- өлмейді найзада болып қадалсаң..

Осының бәріне төзгейсің МАХАББАТ үшін жаралсаң...

Махаббат пен достық

Бір кезде махаббат достықтан сұрапты: “Мен тұрғанда сенің адамдарға керегін не?” - деген, сонда достық: ”Сен жылатып кеткен жерге, күлкі сыйлау үшін...” – деп жауап қайтарыпты. Махаббат пен достық екеуі әрқашан бірге жүреді, бірін-бірі толықтырады. Ал осы екеуі бір-біріне кедергі бола алады ма? Әрине, өмірде махаббаттың достыққа кедергі болатын жағдай жиі кездеседі. Өкінішке орай, өмірде достықтың да махаббатқа кедергі болатын жағдайын кездестіруге болады. Яғни, махаббат жылатқан жерде тек күлкі сыйламай, сол жасқа себепші өзі болып жылатып та кетеді.

Қыз Жібекпен Төлегеннен

жалғасқан

Қозы менен Баян болып

сырласқан

Махаббатың нағыз биік шың

құзы

Ләйлі менен Мәжнүн болып

ұласқан.

Махаббат диалогы

Құс боп ұшып жоғалсам, не етер

едің?

- Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

- Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

- Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

- Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

- Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

- Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

- Қойшы, сәулем, бәрін де көтеремін.

Шығарма Ләйлә дертін жүрегімнен,

Айырма ғашық отын сүйегімнен.

Зарлатып өмірімде күйіп-жанғыз,

Өзімнің болды дейін тілегімнен.

Ләйләнің мен алмасам құрметті атын,

Көңіліме қатты бекіт махаббатын.

Жолдасым - бейнет болсын, жауым - рахат,

Көп тартқыз ғашықтықтың михнатын.

«Жүресің жердің жүзін сен тексеріп.

Бір түнде дүниені шарқ ұрасың,

Мәжнүннен қуантсаңшы хабар беріп.

Қайда жүр, тірі жүр ме, не қылып жүр,

Ішімді ғашық оты жандырып тұр.

Болсаң да сен де мендей күнге ғашық,

Нұрымен жарқырайсың, жанбайсың құр.

«Жылы жел, ғашығымның лебіндейсің,

Сен мені не білесің, не білмейсің.

Желменен сыбырласқан жапырақтар,

Шын ғашық болсаң неге егілмейсің?

Қаптайсың түн болғанда көктің жүзін,

Сорлымын қатты тартқан қайғы сызын.

Сендерге дүниеде таса жер жоқ,

Мәжнүннің тым болмаса көрсетші ізін!»

Махаббат

Төбемізден төніп тұрған айға ұқсап,

Жас махаббат, пәк жүрекке жай құшақ.

Кейде ләззат шарабына мас қылып,

Кейде жүрсің көңіліме қайғы caп.

Алаулаған арманымды бөктеріп,

Қиялым да дүрмегіңе кетті еріп.

Бұл өмірдің өзім сүйген бір гүлін,

Кейде ұнатып, қалам кейде «жек» көріп.

Сезімімнің аппақ таңы атты шын,

Айдынына жүрек - қалтқы батты шым.

О, махаббат, қолтығымнан демей гөр,

Қарсы алдымнан шыға қалса қатты сын.

Махаббатым

Сезімге балап жүрек өртеп

барады,

Көріп сені жаным ләззәт алады.

Мөлдіреп көзім таңғы нұрдай

тербеліп,

Өзіңді жаным өзіңді іздеп

табады.

Көрмеске қимай асыға күтем, сағынам.

Шаттыққа балап көзімді жасқа толтырам.

Махаббат әні жүректі шарлап, жағалап,

Сезімді жалғап арманға биік қол созам.

Көңіл шөлдеп, жүрек

терлеп,

Ыстық сезім баурайды.

Күндер зулап, жүрек тулап,

Жаным тыныш таппайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу