👈 қаріп өлшемі 👉

Адам өмір - тіршілігінің соғыс жағдайындағы қауіпсіздігінің негіздері


Адам өмір-тіршілігінің соғыс

жағдайындағы қауіпсіздігінің

негіздері.

Бекмурат Динара

Жоспар

Ядролық қарудың жарылыс ошағы

Химиялық қарудың жарылыс ошағы

Бактериологиялық қарудың жарылу ошағы

ЯДРОЛЫҚ ҚАРУ ЖАРЫЛЫС ОШАҒЫ.

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау құралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су)астында болуы мүмкін. Оның талқандау факторына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластаужәне электрлік магниттік импульс жатады.

Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

Өткір радиация – гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.

Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоактивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды.

Радиоактивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды. 

Электрлік магниттік импульс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның  көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, прибролады, конденсаторларды, ваакумды қондырғыларды және т.с.с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бұл фактордың әсерінен байланыс аппараттарды, электрондық есеп машиналарды жарамсыз болып қалады.

Химиялық қарудың жарылу ошағы

Химиялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улау заттарының жіктелуі келесі белгілерімен анықталады:

1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері Z), тітіркендіру әсері S-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.)

2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синилбдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ  сақталатындар (иприт, зоманр, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.

3. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және басқалары) және адамдарды уақытша есінен айырады.

4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада білінеді (V), жай әсер ететіндер(әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген. 

5. Қолданылуы ықтимал улау заттары (V) және фосфорорганикалық заттар.

6. Басқалары жатады

Бактериологиялық қарудың жарылу ошағы

Бактериологиялық (биологиялық) қару (орыс. бактериологическое (биологическое) оружие) — жаппай зақымдаушы қару. Оның әсер етуі адамдарда, жануарлар мен өсімдіктерде жаппай әр түрлі ауру туғызатын микроорганизмдер мен уларды пайдалануға негізделген. Бактериологиялық қарудың негізі ауру туғызатын микроорганизмдер мен улардан тұрадывирустарбактерияларриккетсияларсаңырауқұлақтар, ботулизм уы, т.б. Адамдарды зақымдайтын микроорганизмдер:обаның, тырысқақтың, түйнеме, туляремия, бөртпе және іш сүзегінің, пситтакозаның қоздырғыштары т.б. Малдарды зақымдау үшін түйнеме мен маңқа (сапа) қоздырғыштарымен катар ірі қара, шошқаның және т.б. аусыл, обаларының вирустары да колданылуы мүмкін. Өсімдіктерді ауруға ұшырататын бірқатар микроорганизмдер белгілі.

    Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы

Бактериологиялық (биологиялық) қару деп терлеткі (патогенные) микроорганизмдері, олардың шығаратын улары және жеткізетін құралдырының жиынтығын айтады.

Бұл қарудың қауіптілігі-приборлардың жоқтығынан іздеп табудың қиындығы. Ал олардың әсерін анықтауүшін, сол қару қолданылған жерден, судан, ауадан заттар алып, арнайы жабдықталған зертханада талдау жасап қана анықтауға болады. Оған көп уақыт кетеді, ал жаппай улану басталғанда әрбір минут, секунд қымбат.

Адамдарды жаппай қыру қаруларынан қорғау және оның салдарын жою.

Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары –тұрғындарды апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ қазіргі заманғы қырып-жою құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі. Солардың бірі-адамдарды ұжымдық қорғау құралына жататын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.

Панахана толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен қатты әсер ететін улы заттардан  (ҚУЗ) сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Өндіріс күштерін қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан, зілзаладан, радиациялық және химиялық қауіпті обьектілердегі  апаттардан қорғау маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі.

Қорғаныс ғимараттарды адамдар жасырынуға тиіс жерлерге мүмкіндігінше жақын орналасуға тиіс.

Қорғаныс ғимараттары салыну мерзімі бойынша бейбіт уақытта болсын, қауіп төнген кезде болсын жылдам тұрғызылуы керек

Мақсаты бойынша халықты жасыру немесе басқару және байланыс тораптарын орналастыруға ыңғайлы болуы қажет.

Қорытынды

Ядролық қуат ядроның түрлі өзгерісі кезінде шығады. Ядроішкілік қуаттың көп мөлшерінің шектеулі көлемде тез бөліну процесі яролық жарылыс деп аталады. Ядролық қаруды қолдану арқылы шешетін міндеттерге, ядролық жарылыс қолданылатын объектінің түрі мен орнына қарай ядролық жарылыстар түрлі биіктікте, жер бетінде, жер астында (су астында) орын алуы мүмкін.

Ал химиялық хаттардың улағыш қасиеттеріне негізделген заманауи зақымдау құралдары. Химиялық қарудың басқа компоненттері ҚЗ әскери қолдану құралдары (тасымалдағыштар, сонымен қатар ҚЗ мақсатқа жеткізу үшін қолданылатын аспаптар мен қондырғылар) болып табылады.

Ауру туындатқыш микробтартармен зақымдалған жұқпалы аурулардың таралу көзі болып саналатын аумақ эпидемиялық (эпизоотиялық) ошақ деп аталады. Бұндай ошақтың өлшемдері қарудың түрі мен калибріне, ӘҚ қолданылу тәсіліне, метеорологиялық жағдайларға тәуелді болады. ӘҚ аса көп ошағы ауада тарату қондырғыларының көмегімен және желдің аса жоғары жылдамдығын қолдана отырып жүзеге асырылады.

Назарларыңызға рахмет!


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі 26.10.2021, 0
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы