Молекулалар қозғалысы. Термометр. Температуралық шкалалар


Молекулалар қозғалысы. Термометр. Температуралық шкалалар

Физика пәнінің мұғалімі: Оңғарбай Ж.

Орман ауасының құрамына кіретін газдар: 1 - азот, 2 - оттегі, 3 - аргон, 4 – көмірқышқыл газы, 5 - су, 6 – озон, 7 – терпинеол.

фуллерен C80,

Молекулалар қозғалысы

Молекулалар қозғалыс кезiнде бiр-бiрiмен өзара тартылыс және тебiлiс әсерiнде болады.

Тартылу және тебiлу күштерi r-дан тәуелдiлiгi әртүрлi, сондықтан олардың қорытқы күшi нөлден өзгеше. Белгiлi бiр r = r0 арақашықтықта тебiлу күшi арасында тепе-теңдiк орнайды. Молекулалардың диаметрiмен салыстырылатын бұл арақашықтық тепе-теңдiк жағдайына сәйкес келедi. r < r0 болғанда тебiлу күшi тартылу күшiнен басым болады. Сондықтан молекулалар бiр-бiрiне ене алмайды.

Олардың арасындағы арақашықтық r > r0 өскен сайын, молекулалардың тартылуы тебiлуiн жеңе бастaйды. Олардың ыршып кетуiне жол бермейдi. r >> r0 кезiнде, молекуларалық күштердiң әсерi болмайды.

Қазiргi заманғы приборлар көмегiмен алынған жеке атомдар мен молекулалар кескiнi. Суретте вольфрам инесiнiң ұшында атомдардың орналасуы (ақ дақтар)

Кремний пластинасы бетiнiң микрофотографиясы келтiрiлген, мұндағы дөңдер кремнийдiң жеке атомдары.

Температура

температура денелер жүйесiнiң жылулық тепе-теңдiк күйiн сипаттайды.

өзара жылулық тепе-теңдiкте тұрған жүйенiң барлық денелерiнiң температуралары бiрдей болады.

температура дене бөлшектерінің орташа кинетикалық энергиясының өлшемі болады, бұл энергия неғұрлым көп болса, дененің температурасы соғұрлым жоғары болады.

табиғат пен техникада кездесетін кейбір температуралар

Термометрлер өте көп түрлі

Термометр тарихы

Галилео Галилей 1592 жылы суреттегі термоскоп принципін жасады.

Ең алғаш сұйық термометрді 1631 жылы француз физигі Ж. Рей ойлап тапқан.

Температура шкалалары

Мұздың еруі (00С) және судың қайнауы (1000С) температуралары негізге алынып жасалған шкала швед астрономы А.Цельсийдің құрметіне “Цельсий шкаласы” деп аталады.

АҚШ пен Англияда 1714 жылы неміс физигі Фаренгейт ұсынған “Фаренгейт шкаласы” осы уақытқа дейін қолданылады.

Оның 3 тірек нүктелері бар. Алғашқысы 1709 жылғы қатал қыс температурасы (00Ғ), екіншісі еріген мұздың температурасы (320F), Үшінші тірек адам денесінің температурасы (980F) алынған.

1848 жылы У. Томсон (лорд Кельвин) ұсынған температураның термодинамикалық шкаласы бойынша өлшенетін температура абсалют температура деп аталады.

Температуралық шкалалар

А-деңгей

Суреттегі термометрлерге қарап бөлік құнын анықтаңдар (Фаренгейт және Цельсия шкаласы бойынша), көрсетулерін жазыңдар.

Зат молекулаларының өте кіші екендігін қалай дәлелдеуге болады?

В-деңгей

Темір жолдың рельстерін неге бір біріне тиістірмей арасына саңылау қалдырады?

Неге сүт, бензин сияқты сұйықтарды ернеуіне дейін толтыра құюға болмайды.

Темір де, бетонда қыздырғанда ұлғаяды. Темірбетон құрылыстарында іс жүзіне оның маңызы қандай?

Мыс бұрандаға темір гайканы қолмен бұрап кіргізді. Артынан бұранданың біразын салқын цехқа, біразын температурасы жоғары ыстық цехқа жөнелтті. Сонда салқын цехтағы бұранадаларды қолмен бұрап алу оңай ал, ыстық цехтағы бұрандаларды қолмен бұрау мүмкін емес. Неге?

Мыс пластинкадан дөңгелек шеңбер сызылды. Егер пластинканы қыздырсақ, шеңбер дұрыс қалпында қала бере ме?

С-деңгей

Берілген температураларды 00C, 150C, -570C, 1000C, 1800C Келвин және Фаренгейт шкаласына түрлендір.

1500K, -25K,300K, 450K, 0K, -180K температураларын Цельсия және Фаренгейт шкаласына түрлендір.

70F, -35F, 100F, -300F, 20F температураларын Цельсия және Kельвин шкаласына түрлендір.

Үй жұмысы

§15 мазмұндау

Есептер жинағынан 85-88 сұрақтарға жауап.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңіздер?

Қандай түсініктерді есте сақтау қажет?

Сабақта не ұнады? неге?

Сабақтың несі ұнамады.?

Назарларыңызға рахмет!

Есіңе сақта-Remember!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу