Халықаралық капитал қозғалысы туралы
Халықаралық капитал қозғалысы
Халықаралық капитал қозғалысы дегеніміз — капиталдың мемлекет аралық айналымы, капиталдың экспорты, импортымен бірге басқа елде атқаратын қызметі де кіреді.
Халықаралық капитал қозғалысы – нақты экономикалық құбылыс, капитал өз елінен басқа елге ауысқан кезде, басқа елден үлкен табыс алу мақсатын қояды.
Негізгі артықшылықтары
Халықаралық экономиканың өсуіне;
Халықаралық бірлестіктің терең тамырын бекітеді;
Елдер арасындағы зат айналым көлемін өсіреді, халықаралық сауданы дамытуға үлкен үлес қосады.
Халықаралық капитал қозғалысының негізгі субъектісі жеке бизнес, мемлекет, халықаралық қаржы ұйымдары (Халықаралық банк, Халықаралық Валюта Қоры).
Капитал қозғалысының негізгі себептері
Қабылдаған елдің жергілікті саудасына басшылық жасауға;
Қабылдаған елде арзан шикізат көзі мен арзан жұмыс күшінің болуы;
Саяси жағдайының тұрақты болуына;
Экологиялық жағдайының салыстырмалы түрде жоғары болуы;
«инвестициялық климатаның» қалыпты болуы
«Инвестициялық климат» ұғымының негізгі параметрлері:
Экономикалық жағдайы: жалпы экономикасы (көтерілу, төмен түсу, стагнация), валюталық, қаржылық и несиелік жүйедегі орны, кедендік тәртібі және еңбек ресурстарын пайдалану мөлшері, салық көлемі;
Шетелдік инвестицияға мемлекеттің саяси көзқарасы: халықаралық келісімдерді сақтауы, мемлекеттік институттардың тұрақтылығы, мемлекет билігі.
Капитал қозғалысына қарай 3 түрге бөлінеді:
Ұзақ уақытқа салынатын капитал — 5 жылдан көп уақытқа салынатын түрі.
Орташа уақытқа салынатын капитал - 1 жылдан 5 жылға дейінгі аралықта салынатын түрі.
Қысқа мерзімді салынатын капитал — 1 жылға дейін салынатын түрі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?