👈 қаріп өлшемі 👉

Халықаралық валюталық қор


Халықаралық валюталық қор

жоспар

Халықаралық валюталық қор

Халықаралық валюталық қорының негізгі қызметтері

Халықаралық валюталық қордың басқару жүйесі.

Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта қоры

Үлестер мен дауыс беру құқығы

 ХВҚ-дың капиталы 

Халықаралық валюталық қор

Халықаралық валюталық қор дегеніміз ұйым мүше-елдері арасындағы валюталық-несиелік қатынастарды реттеуге және оларға валюталық,қаржылык қиындықтар жағдайында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер беру арқылы қаржылық көмек көрсетуге арналған халықаралық ұйым. Қор БҰҰ-ның арнайы ұйымы. Халықаралық валюталық қор 1944 жылы 1 шілде мен 22 шілде аралығында Бреттон-Вуд қаласында БҰҰ-ның өткен конференциясында құрылды.

Бреттон-Вуд конференциясы өткен отель- маунт вашингтон

Халықаралық валюталық қорының негізгі қызметтері

Халықаралық валюталық қордың басқару жүйесі.

Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта қоры

Қазақстан Республикасы Халықаралық Валюта қоры (бұдан әрі -- ХВҚ) Келісімдерінің Баптарына 1992 жылғы 15 шілдеде қосылды. 1992 жылғы 11 қарашадан бастап Халықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының квотасы 247 500 000 СДР құрады. Осыған байланысты Халықаралық Валюта Қорының жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасының жазылу шотына 247 500 000 СДР сомасына №1 Қазынашылық векселі шығарылды (1995 жылғы 27 ақпандағы №1 Қазынашылық векселі).

ХВҚ Басқарушылары Кеңесінің «ХВҚ мүше елдердің квоталарын ұлғайту жөнінде 11 жалпы шолу» 1998 жылғы 30 қаңтардағы №53-2 шешіміне сәйкес ХВҚ жарғылық капиталы 146,2 млрд. СДР-дан 212,0 млрд. ҚАҚ-ға дейін немесе 45% ұлғайды. Қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес, квоталар есептеу кезінде 1994 жылғы статистикалық деректер пайдаланылды. Қазақстан Республикасы үшін есептелген квота 365,7 млн. СДР күрады. СДР жарғылық капиталындағы Қазақстан Республикасы квотасының үлғаюына байланысты 1999 жылғы 11 ақпанда ¥лттық Банк 118 200 000 СДР мөлшерінде квотаның жалпы үлғаю сомасына пайызсыз, берілмейтін №19018/50 векселін шығарды.

Қазақстан Республикасының ¥лттық Банкі Қазақстан Республикасынын ХВҚ жарғылық капиталындағы квотасын 62 100000 СДР мөлшеріне дейінгі сомаға вексель шығаоүлы камтамасыз етүі кажет.

Үлестер мен дауыс беру құқығы

ХВҚ-на кірген ел белгілі бір ақша сомасын төлейді. Ол үлес "квота" деп аталады да, мүшелік жарнаға ұқсас келеді. Біріншіден, жарналардан ХВҚ-ың ақша қоры қалыптасады. Оны ХВҚ қаржылык, қиыншылыққа ұшыраған мүше елдерге қарыз беруге жұмсайды. Екіншіден жарна үлестерінің негізінде әрбір елдің қарызға ала алатын сомасы мен мезгіл арнаулы қарыз алу құқығы бөлінгенде алатын активтері анықталады. Жарна неғұрлым көп болса, ала алатын  қарыздың көлемі де соған сәйкес көбейеді. Үшіншіден жарналар әр елдің дауыс санын анықтайды. Үлестерді, елдердің экономикалық жағдайын талдау арқылы, ХВҚ-ы бекітеді. Олар әрбір бес жылда кайта қаралып отырады да, ХВҚ қажеттілігі мен елдердің экономикалық жағдайларына байланысты ұлғаюы немесе кемуі мүмкін. Егер 1945 жылы 35 мүше ел 7,6 млрд. доллар төлесе, 1992 жылы 156 мүше ел 130 млрд. доллар төледі. Мысалы дүниедегі экономикасы ең үлкен ел – АҚШ барлық  жарнаның 20% төлесе, Индия мұхитында орналасқан Мальдив елі 3 млн. доллар ғана төлейді

 ХВҚ-дың капиталы 

2008 жылдың 1 қаңтарына ХВҚ-дың капиталы 217 млрд. СДР-ға тең болды. Ол қордың мүшелерінің жарналарынан құралады. Әдетте, әрқайсысы өз квотасының 25%-ын СДР-да немесе басқа мүшелердің валютасында, ал қалған 75%-ын өзінің ұлттық валютасында төлейді. Қор мүшелері арасындағы дауыстар әрбір мүшенің квотасының мөлшеріне байланысты бөлінеді. 2006 жылдың 16 маусымына дейінгі мәлеметтер бойынша ең көп дауыс иеленушілер:

2006 жылдың 16 маусымына дейінгі мәлеметтер бойынша ең көп дауыс иеленушілер:

1 США-17.8%;

2 Германия - 6.99% ;

З Жапония-6.13%;

4 Ұлыбритания - 4.95% ;

5 Франция - 4.95% ;

6 Италия-4.18%;

7 Сауд Арабиясы - 3.22% ;

8 Ресей - 2.74% . 

Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Үздік оқытушыға 6 млн теңге беріледі 26.10.2021, 0
» Қазақстанда тоғыз банк таратылады 23.10.2021, 0
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы