Қарағанды облысы


Қарағанды облысы

Орындаған: Керуенбеков Н.

Тобы: Экономика 341

Қарағанды облысы – ҚазақстанҚазақстан Республикасы Қазақстан РеспубликасыРеспубликасыныңҚазақстан Республикасыорталығында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. Жер аумағы 428 мың км2. Тұрғыны 1,35 млн адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 3,1 адамнан келеді 

Тарихы:

Осы өңірдің тумасы, сол замандағы қоғамдық құбылыстардың, өзгерістердің ұйытқысы, ұлттық басшылық құрамның көрнекті өкілі Абдолла Әбдірахманұлы Асылбеков облыстық кеңес атқару комитетінің тұңғыш төрағасы болып сайланды. Бірақ ол 1937 жылдың зобалаңына ұшырап, нақақтан нақақ ауыр жазаға кесілді.

1938 жылдың қыркүйегінде Қарағандыда екі жылдық мұғалімдер институтының құрылды. Ол кейін педагогикалық институттың, бұдан соң қазіргі Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университеттің негізін қалаған облыстағы тұңғыш жоғары оқу орны болды. Бұл уақытта қала тұрғындарының саны 162 мың адамға ұлғайып, бүгінгі орталық бөлігіндегі ғимараттар мен үйлердің салынуы басталды.

1939 жылы құрамынан Ақмола облысы бөлініп шығып, әкімшілік-аумақтық құрылымы жүйелене түсті.

Тарихы:

Тың:

Елуінші жылдардың орта шенінде облыстың топырағы құнарлы бөліктерінде тың игеру науқанының басталуы елеулі оқиғалардың бірі болды. Осынау іс жері егін өсіруге қолайлы Нұра және Осакаров аудандарында кең өріс алды. Алғашқы тың шаруашылықтары «Донской», «Родниковский», «Киевский», «Энтузиаст», «Шахтер», «Индустриальный», «Шербаковский», «Киргизия» т.б. құрылды.

1954 жылы Жезқазғанға қала мәртебесі берілді. 1957 жылдың 3 желтоқсанында Кеңес одағындағы ең ірі металлургиялық зауыт Қазақстан Магниткасында бірінші домнаның іргетасы қаланды.

1958 жылдың қазан айында облыс Ленин орденімен марапатталды. Ол астық және ауыл шаруашылығының басқа да өнімдерін өндірудегі зор жетістіктер үшін берілген еді.

Тың:

Қазіргі экономикасы:

Облыс экономикасыныңЭкономика қазіргі жағдайы экономикалық және әлеуметтік құрылымдардағы елеулі өзгерістермен сипатталады. Облыстың республикадағы өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 15% пайыздан асып жығылады. Бүгінде аймақта 300-ден астам бірлескен және шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең ірілері мыналар: «Қазақмыс» корпорациясы ААҚ, ол көп қырлы, өндірісі аяқталған циклды кен-металлургия кәсіпорны, әрі бірқатар зауыттар, кеніштер және энергетикалық нысаңдардьі біріктіреді; «Арселор Миттал» ААҚ, ол толық металлургиялық циклді кәсіпорындардын барлығының Қарағанды бассейнінің көмір шахталарының ЖЭО, қосалқы және басқа да қызмет көрсететін өндірістік инфрақұрылымының басын қосқан.

Марганецтің ірі өндірушісі «Жәйрем КБК» ААҚ болып табылады. Мәшине жасау және металл өңдеудегі жетекші кәсіпорындар Пархоменко атындағы мәшине жасау зауыты, «Қарағандыкенмаш» НТЭК» ЖАҚ, «Қарағанды құю-мәшине жасау зауыты» ААҚ, «Техол» ЗПХ ЖАҚ, «Қазкарметавтоматика» ААҚ және басқа кәсіпорындар есептеледі. Резеңке және пластмасса бұйымдар шығаратын негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар қатарына «Қарағанды резеңке техника» ЖШС, «Саранрезеңкетехника» ААҚ, «Восход» ЖШС жатады.

Химиялык өнеркәсіпте «Теміртау химия-металлургиялық зауыт», «Монета Дитерджентс жуғыш заттары зауыты» ЖШС жұмыс істейді. Құрылыс материалдарды өндірумен «Сеntral Аzia Cement» ААҚ және «Қарағанды асбоцементтік бұйымдары» ЖШС айналысады.

Жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары «Гүлден» ЖШС және «Тоmiris» ЖШС, азық-түлік өндірісінде «Тұлпар» фирмасы саналады.

Өндірістік мәселелерді шешу және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ жаңа технологияларды енгізу үшін тың өндірістік куаттар және нысандар іске қосылуда, әртүрлі мәшинелер мен тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің техникалық жабдықтарына қосалқы бөлшектер өндіру және тұтыну тауарларын даярлау ауқымы ұлғая түсуде.

Қазіргі экономикасы:

Әкімшілік бөлінісі

Әкімшілік бөлінісі

Өндірісі

Кеңес өкіметі жылдары облыста жергілікті кен байлықтары мен ауыл шаруашылығы шикізатының негізінде көмір өндіру, энергетика, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі, машина жасау және металл өңдеу, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамып, облыс экономикасының негізгі салаларына айналды. Қарағанды облысының ауыл шаруашылығына пайдалануға жарамды жері 34257,1 мың га, оның ішінде егістік жер 1062,2 мың га, шабындық 389,6 мың га, жайылымы 31724,9 мың га жерді құрайды. Ауыл шаруашылығының басты салаларыжаздық астық өсіру, етті-сүтті сиырСиырқойҚойжылқыЖылқы өсіру. Өнеркәсіп орталықтарына таяу жерде қала маңына тән ауыл шаруашылығы дамыған (сүтті сиыр, құс, шошқа өсіру, картоп, көкөніс өсіру). 2002 ж. егістік аумағы (мың га) 1316,7 болды. Облысты қамтитын Сарыарқа темір жолының Ұзындығы 1827 км. Сарыарқа әуежайы облыс тұрғындарын көптеген шет елдермен және республиканың басқа қалаларымен байланыстырады. Облыс жері арқылы ПавлодарПавлодар – ШымкентШымкент мұнай құбыры өтеді.

Өндірісі:

Жаңалықтары:

ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков жұмыс сапарымен Жезқазған қаласында болды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметіненН.Әбдібеков «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС мыс қорыту зауытының іске қосылу барысымен танысты. Зауыт 2013 жылы 1 қыркүйекте қайта жаңғыртылу үшін жұмысын тоқтатқан. Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Қазақмыс» корпорациясының басқармасы жұмысын тоқтатқан мыс қорыту зауытын іске қосу шешімін қабылдады, қараша айында 3 мың тонна мыс, желтоқсан айында шамамен 9 мың тонна мыс алу жоспарланған», - делінген хабарламада.

ҚазАқпарат - Қазақстан-әмірлік бизнес форумында өткізілген келіссөздердің қорытындылары бойынша, Қарағанды облысының экономикасына құйылатын инвестициялардың қосымша көлемі шамамен 2 млрд. долларды құрамақ.Ағымдағы жылдың 2-4 қараша күндері Біріккен Араб Әмірліктерінде қазақстандық-әмірлік инвестициялық бизнес-форумы өтті. Оған Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев қатысты.

Шара барысында ол БАӘ астанасы Әбу-Даби ханзадасы Сурур мырзамен және «Аджман» ЕЭА басқармасының төрағасы Ахмед мырзамен кездесті.

Келіссөздер нәтижесінде Қарағанды облысында кәріз-тазалау құрылғыларын шығару, электр желілерін өндіру, үй құрылысы комбинатын салу сияқты үш зауыттың құрылысы, тағы басқа бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыру келісілді.

БАӘ Қарағанды облысында үш зауыттың құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруда

Қарағандыдағы қайта іске қосылған кремний зауыты

ҚазАқпарат - Қарағандыда металлургиялық кремний өндіретін зауыт толықтай мемлекет меншігіне өтті, деп хабарлады «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ басқармасының төрағасы Қуандық Бішімбаев. «Бәйтерек» холдингі «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірге Қарағандыдағы металлургиялық кремний өндіру зауытын қайта іске қосты. Тоғыз айдан астам уақыт бұрын біз осы жобаны бастадық. Сіздер осының алдындағы меншік иелерінің қарыздарынан құтыла алмай, Қазақстанның Даму банкінен алған несиелерін қайтара алмағанын білесіздер. Біз бұл активті мемлекетке қайтарып бердік», - деді Қ.Бішімбаев өндірісті іске қосу шарасы барысында.

Назарларыңызға рахмет!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу