Қарағанды - қазыналы өлке
Қарағанды-қазыналы өлке
«Қарағандының өткені - абзал,
қазіргі жағдайы - сенімді ,
және оны жарқын болашақ күтіп тұрғанына кәміл сенімдімін»Н.Ә.НазарбаевҚарағандының елтаңбасы (18.07.07.)
Қаланың өзге елтаңбалары
Қала туралы тарихи мәліметтер
1934 жылы 10-ақпанда Қарағанды «қала» статусын алды.
Бүгінгі күні, халық саны бойынша, Қарағанды – Қарағанды облысның ең үлкен қаласы (559 200 адам) және Қазақстан бойынша төртінші орында (Алматы, Шымкент, Астана).
Қала аумағы 497,8 шаршы метрді құрайды.
Қарағанды қаласының жоспар картасы
«Этимологиясы»
Қaрaғaнды aтaлу себебi - "қaрaғaны қaлың өскен жер" мaғынaсынaн шыққaн.
1833 жылы Аппақ Байжанов Қарағандыдан көмірдің шоғын тапты деген аңыз бар.
Ұлттық құрамы
Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басына қалада тұратын халық санының 33,2%-ы қазақтар, 47,9%-ы орыстар, 3,4%-ы немістер, 3,2%-ы татарлар, 5,2%-ы украиндер, 1,3%-ы белорустар, 1,6%-ы корейлер, 4,2%-ы басқа ұлт өкілдері.
Өнеркәсіп
Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі.
Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды Маргарин зауыты» АҚ, «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» АҚ ЖК, «Қарағанды конфеті» АҚ, Қарағанды металлоконструкция заводы «Имсталькон» АҚ филиалы, «Қарағанды Жылу» ЖШС.
Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: электр энергиясы; жылу энергиясы; маргарин өнімі; сыра; конфеттер.
Қарағанды қаласының ескерткіштері
Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.
Бұқар жырау ескерткіші (1668- 1781)
Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904)
.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?