👈 қаріп өлшемі 👉

1 жасқа дейінгі балаларды табиғи тамақтандыру


Кафедра: №1 Бала аурулары кафедрасы

Тақырыбы: 1 жасқа дейінгі балаларды табиғи тамақтандыру

Қабылдаған:Умбетова Луиза Жексеновна

Орындаған: Хабибуллаев Ш

Тобы: ЖМ12-016-01

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университет

Тамақпен организм қажетті заттар мен өсуге керекті пластикалық материалдарды қабылдайды. Баланы рациональды тамақтандыру оның дұрыс дене құрылысын, психикалық дамуын, ауруларға жақсы қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Баланы тамақтандыру режимі

5 айға дейінгі баланы тәулігіне 6 – 8 рет тамақтандыру керек.

5 айдан бастап 5 рет тамақтандыру.

1-1,5 жастан бастап 4 рет тамақтандыруға көшіру.

5 айынан балаға 2 тамшыдан 1 шай қасыққа дейін алма, алмұрт, сәбіз шырындарын беру, 2 аптадан соң жеміс пюрелерін беру керек.

6 айынан бастап 1-ші қосымша тамақ көкөніс пюрелері(картоп, асқабақ және т.б.) ірімшік, жұмыртқаның сарысы тағайындалады.

6-7 айынан 2-ші қосымша тамақ ботқалар (жарма, күріш, сұлы т.б.) беріледі.

7,5-8 айынан 3-ші қосымша тамақ – айран беріледі.

9-10 айынан ет сорпасы, фрикаделькалар беруге болады.

11-12 айында еттен котлета беру керек.

Тамақтандыру түрлері:

1.Табиғи тамақтандыру

2. Жасанды тамақтандыру

3. Аралас тамақтандыру

Табиғи тамақтандыру:

Табиғи тамақтандыру дегеніміз – 5 айға дейін баланы тек ана сүтімен қоректендіріп, оған 1 айында шырындар, 5 айында қосымша тамақ беру.

Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар:

Ана сүтінің химиялық құрамы жақсы:

a) Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер мен глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбе ірі болады.

b) Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын.

c) Қанттары - бета лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза – ішек таяқшасын өсіреді.

d) Минералды тұздардың құрамы оптимальды.

e) Ана сүтінің құрамында А,Д,Е,С витаминдер бар. Сиыр сүтін қайнатканда олар бұзылып кетеді.

1. Пастеризацияланған донор сүтімен немесе банкадағы сүтпен тамақтандыру альтернативті жол болғанымен, ана сүтімен тамақтанғандай болмайды.

2. Галактоземияда, фенилкетонурияда, зәрден үйеңкі иісі шығатын ауруда емізуге болмайды деп есептелінеді.

3. Жаңа туылған нәрестенің дене салмағының қалыптасуының бәсеңдеуі жасанды сүт қоспалары сияқты үстеме тамақ берудің көрсеткіші бола алмайды.

4. Сүт безінің қабыну аурулары, хирургиялық ем жасау көрсеткіштері пайда болғанша, емізуді тоқтатуға немесе сүтті пастерилизациялауға негіз бола алмайды.

Табиғи тамақтандырудың негізгі принциптері:

Ананың сүті таза. Әр-дайым жылы. Ана сүтінде гармондар мен имунды денелер бар. Эмоциональдық фактор-кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады.

Босанғаннан кейін бірінші күндері емшектен уыз шығады. Ол кою кілегей сарғыш сұйық зат. Уызда ақуыздар сүтпен салыстырғанда 4 есе, тұздар 2 есе көп, витаминдер, имундық денелерде көп. Уыздын құрамы баланың тканьдеріне жақын, сондықтан қорытылмай-ақ сіңеді. 4-5 күннен өтпелі сүт, екінші аптадан бастап сүт шығады.

Жаңа туылған нәрестеге күтуді ұйымдастыратын кез келген перзентхана мен ауруханалар міндетті:

1. Табиғи тамақтандырудың белгіленген тәртіптерін қатал ұстап, медициналық қызметкерлер мен босанатын және босанған әйелдерді осы тәртіптер туралы жүйелі түрде хабардар етіп отыру.

2. Медициналық қызметкерлерді табиғи тамақтандыруды практикалық жүйеде қамтамасыз ету үшін қажетті дағдыларға оқытып үйрету.

3. Барлық екі қабат әйелдерді табиғи тамақтандыруды артықшылығы мен тәсілі бойынша хабардар ету.

4. Босанғаннан кейінгі алғашқы жарты сағатта аналарға нәрестені емізе бастауға көмектесу.

ТИІМДІ ТАБИҒИ ТАМАҚТАНДЫРУДЫҢ 10 ПРИНЦИПІ (ДДҰ/ЮНИСЕФ-тің біріккен мәлімдемесі (1998))

5. Аналарға, тіптен уақытша сәбилерінен бөлек болса да, қалай емізу және лактацияны қалай сақтау керек екендігін көрсету.

6. Медициналық қажеттілік болған жағдайдан басқа уақытта нәрестеге ешқандай тамақ пен сусын бермеу.

7. Анамнез жаңа туған баланың тәулік бойына бір бөлмеде болуын қамтамасыз ету.

8. Нәрестені кестемен емес талабы бойынша тамақтандыруды мадақтау.

9. Жаңа туған емшек еметін нәрестеге ешқандай тыныштандыратын дәрі-дәрмек және емшекті имитациялайтын құралдар бермеу.

10. Табиғи тамақтандыруды қолдайтын топ құруды мадақтау және сол топтарға перзентханадан немесе ауруханадан шыққан аналарды жолдау.

Қою қосымша тамақ беру көрсеткіші болып баланың емген сүтіне қанағаттанбай, тек қана қою тамақ беру арқылы қанағаттануы саналады. Қосымша тамақпен бала ақуыз, майлар, қант, минералды тұздар алады.

Қосымша тамақ беру шарттары:

1. жасы 5-6 айдан кем болмау керек. Қосымша тамақ балаға емізер алдында беріледі.

2. ауызға түскен тамақты «шығарып тастау» рефлексінің төмендеуі.

3.ауызға түскен затты шайнауға бейімділігі.

4. тістерінің кейбір бөлігінің шығып болуы немесе шығып келе жатуы.

5. тойғандығын сезіну.

6. ас қорыту жүйесінің жетілуі, берілген тамақтан нәжісінің бұзылмауы, аллергиялық реакциялардың болмауы.

Қосымша тамақ беру

1. біртіндеп енгізу

2. қосымша тамақты сау балаға, ауырып тұрғаннан кейін 2-3 аптадан соң беру

3. қосымша тамақты енгізіп болғаннан кейін қасықпен беру

4. баланың жүйке-жүйесінің ерекшелігін ескеру

5. тағамдар механикалық қорғау, тамақ жұтуға оңай ұнтақталған, ұсақталған болуы керек

Қосымша тамақ тағайындағанда келесі принциптерді сақтау қажет:

Баланың қосымша тамақ енгізу уақыты жеткен соң жоғарыда көрсетілген белгілер болса балаға алғашқы «үйретуші» қосымша тағам, 5-20гр ұнтақталған алма немесе жеміс ұнтағы беріледі. Бұл тағамды шамалы емшек емегнне кейін беру керек. 7 айлығында дәнді дақылдар қосымша тамаққа енгізіледі. Олар: күріш, қарақұмық, жүгері жармаларынан жасалған ботқалар. Сүзбе 6 айдан соң тағайындалады. Жұмыртқа сарысы – 7 айда. Ет тағамдары рационға 8 айдан бастап , ет пюресі ретінде беріледі.

Ана сүтінің тәуліктік көлемі 1 жасқа дейін 600 мл-ден кем болмауы тиіс.

Емшекпен емізуге болмайтын жағдайлар:

a) Анасы жағынан жүректің декомпенсацияланған ақауы, туберкулездің кейбір түрлері, асқынған диабет, ісікті процестер, бүйрек ауруларының ауыр түрлері.

b) ЖТБ жағынан асфиксияның ауыр түрлері, миға қан құйылу, гемолиздік ауру.

Бұл жағдайларда балаға анасының сүтін сауып беруге болады, немесе донорлық сүт беріледі.

Тамақтың алуан түрлі болуын қадағалау, тамақтың әр түрлі топтарынан алынған өнімдерді қолдану керек. Тамақтану өнімдерінің құрамына әр түрлі мөлшерде және пропорцияда болатын қажетті қоректік құндылықтар кіреді. Қоректік заттардың жетіспеуін болдырмау үшін, күнделікті ас мәзірінде барлық топтардан алынған өнімдерді ескеру керек: дәнді өнімдер, көкөністер мен жемістер, сүт және оның өнімдері, құрамында құнды белок бар тамақ. Тамақтың құрамында өсімдік белоктарының және мал белоктарының қоспасы болуы тиіс, себебі сонда ғана біз бала организміне қажетті амин қышқылдарының түсетініне сенімді боламыз. Белоктан басқа, үлкендермен салыстырғанда балалар кальций, фосфор жіне темір сияқты минералдық компоненттерді, сондай-ақ негізінде A, D, B1, B2, C i PP дәрумендерін көп қажет етеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

1. Бала емізуді қолдау және бала емізудегі қиындықтарды жеңу жөніндегі әдістемелік құрал, Алматы 2014 жыл

2. Балалар ауруларының пропедевтикасы, Ақтөбе 2002 жыл

3. www.google.com

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Назарларыңызға рахмет!!!


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» "Өз жүрегіңнен ұялмайсың ба": Қайрат Нұртастың жазбасы елді елең еткізді 16.11.2021, 0
» Қазақстанда балаларға да вакцина паспорты беріледі 14.11.2021, 0
» Интернет-алаяқтардан қалай қорғану керек? 09.11.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы