Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Телефоным бүгін де шырылдады) » ZHARAR © 2017 | медеу демеу медеуұлы Телефоным бүгін де шырылдады өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Телефоным бүгін де шырылдады




  • »

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Телефоным бүгін де шырылдады)

Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Телефоным бүгін де шырылдады) казакша Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Телефоным бүгін де шырылдады) на казахском языке

Шыға жаздап шырылдап шыбын жаны,
Телефоным оқыстан шырылдады.
Жүгіріп кеп көтердім трубканы,
Сен емессің. Қайнады зығырданым.

Өкпелісің. Болды осы ұғынғаным,
Қайран көңіл сәл-ақ тұр жығылғалы.
Шырылдаса жүгірем сен екен деп,
Жалған үміт екен ғой мұның бәрі.

Сәл тыныстап ол тағы шыр етеді,
Шыр етеді. Көңілім дір етеді.
Ұмыттың ба? Ар жақта бөтен дауыс,
Кешке дейін осылай күн өтеді.

Демегейсің мұңсызсың, масаңдаусың,
Үнсіздігің көлгірсу, жасанды-ау шын.
Күнде күтіп жүрмін мен алаңдаумен,
Енді қашан естілер әсем даусың?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 76
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .