Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Өзімдей - ақ ұл туар) » ZHARAR © 2017 | базар жырау оңдасұлы Өзімдей - ақ ұл туар өлең стихи на казахском базар жырау казакша олен, базар жырау оңдасұлы өлеңдері, стихи на казахском языке базар жырау, базар жырау олендери, Өзімдей - ақ ұл туар




  • »

Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Өзімдей - ақ ұл туар)

Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Өзімдей - ақ ұл туар) казакша Қазақша өлең: Базар Жырау Оңдасұлы (Өзімдей - ақ ұл туар) на казахском языке

Дабылымды есітіп,
«Құмар» дейді көрмекке
Сонау жатқан төменгі -
Астраханның бойында,
Он екі ата - Байұлы.
Әлім менен Шөменнің
Мен едім даңқты шайыры!
Екі енені тел емген
Күпшек санды күреңмін,
Төсімнен тарса, жетпейтін -
Жуандықтан айылы.
Өзімдей - ақ ұл туар,
Бір адамның зайыбы.
Жырау боп атқа мінгелі
Әлім, Шөмен баласы-
Әңгімеме байыды.
Аузымнан шықан сөзіме
Дін мұсылман қайыды.
Халқына басы қадірлі -
Қайбір жерде жігіттің
Көрінсе көзге зайыры.
Қолы сақи пендеге -
Өлгенде тиер қайыры.
Қабыл алмай, алдымнан
Қазақ халқы кеткен жоқ -
Сөзімнің келсе қайымы.
Осы отырған әлеумет!
Көңліңді жырмен ауласам,
Болады қанша айыбы?!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 47
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .