Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Жігіттерге)

Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Жігіттерге) казакша Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Жігіттерге) на казахском языке

Бір дауа бір тарқасын арман - дәртім,
Қалдырдым жігіттерге сөздің артын.
Жақсыға жасын сынап, ашық айтып,
Байлайық тиянаққа істің шартын.
Бұларға үлгі берген өзі сауап,
Қымбаттың арзан менен білер нарқын.
Көлденең көкейіме сөзім тоқтап,
Басылған талай жаннан біздің қарқын.
Осындай сөз айтты деп біреуге айтып,
Шығарар оқығандар сөздің дәрпін.
Берерге ғылым жазып адам керек,
Біреу - мыс, біреу - қола, біреу - алтын.
Маңызын салмақтаған ар табылса,
Айтылмай неге қалсың менің атым.
Дана, надан - мағынасы екі түрлі,
Сарғайып сана, жүрек болар салқын.
Оқушым, айтушыдан болсын зият,
Ақыл менен ғылымның білсін парқын.
Астан жілік тістейсің, тойдан ілік,
Шарапатты жақсымен жүрсең жақын.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, ақан сері қорамсаұлы Жігіттерге өлең стихи на казахском акан сери корамсаулы казакша олен, ақан сері қорамсаұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акан сери корамсаулы, акан сери корамсаулы олендери, ақан сері өлеңдері, ақан сері өлеңдері скачать, Жігіттерге, ақан сері қорамсаұлы Жігіттерге өлең стихи на казахском акан сери корамсаулы казакша олен, ақан сері қорамсаұлы өлеңдері сайты, стихи на казахском языке акан сери корамсаулы, акан сери корамсаулы олендери, ақан сері өлеңдері, ақан сері өлеңдері скачать, Ж, Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Жігіттерге), Қазақша өлең: Ақан Сері Қорамсаұлы‎ (Жігіттерге) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com