Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сабақ жазбай, өлең жазып, бұзық боп....) » ZHARAR © 2017 | Ерболат Қарақойшиев өлең Сабақ жазбай өлең жазып бұзық боп олен стихи казахском, Ерболат Қарақойшиев өлеңдері , стихи ерболат каракойшиев




  • »

Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сабақ жазбай, өлең жазып, бұзық боп....)

Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сабақ жазбай, өлең жазып, бұзық боп....) казакша Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сабақ жазбай, өлең жазып, бұзық боп....) на казахском языке

Сабақ жазбай, өлең жазып, бұзық боп,
Ағай ойын қайта-қайта үзіп боп.
Біреу сөйлеп,біреу күліп қалатын,
Лекцияда лек-легімен қызық көп

Отыр көбі миға дым да қақпастан,
Өзге бір ой бәрін бөлек ап қашқан.
Тек дәрісші,үзілместен сөздері,
Автоматтай ауызын тұр жаппастан.

Жаза-жаза жалыққаннан қашты мән,
"Қоңырау"ғой барлығында басты ұран,
Пеш түбінде пышылдаған мысықтай,
Екі студент айтып отыр әңгіме,
Тығылып ап партасының астынан,

Біреу жатыр ұйқысынан оянып,
Біреу отыр теріс қарап боянып.
ұйқылы-ояу жатыр біреу шынтағын,
Құрбысының иығына таянып.

Біреу қарап агентіне жынданып,
Біреу келген "смс"-ке нұрланып.
Бір бикештің жанарына бір жігіт,
Қарап отыр көзін алмай ұрланып.

Түсінбесе де бұл сабақты дым мейлі,
"Қызықсыз"деп бәрі іштей тілдейді.
Бір студент - құлағында наушник,
Бірақ оны ағай байғұс білмейді

Біреу қалам,дәптерлерін дайындап,
Сағат қарап,біреу уақыт пайымдап.
біреу отыр "қазір үйге барғанда
Тамақ пісіп тұр ма екен"деп уайымдап

Біреу отыр группасын түгендеп,
Біреу айтты "Бұл сабақты білем"деп,
Біреу мұңды жатақхана ішінe,
"Тәпішке жоқ,қалай енді кірем?-деп.

Біреу отыр көзбен айтып жұртқа сын,
Біреу қарап кірер есік тұтқасын,
Біреу отыр самса тиген май сүртіп,
Шиқылдатып "болоновый курткасын".

Түрлі нәрсе боп жатады күнде ерек,
Басқалардың қылығы жоқ күндемек.
50-минут. Уақыты жоқ студенттер,
Осылардың бәріне де үлгерет...--)))))


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 456
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .