» » » Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қарашекпен мен қой)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қарашекпен мен қой)

Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қарашекпен мен қой) казакша Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қарашекпен мен қой) на казахском языке
Шақырды Қарашекпен Қойды сотқа,
Күймей ме біреу үшін біреу отқа,
Белгілі Қойдың тауық жемейтіні,
Жазықсыз жаза тартқан пенде жоқ па?
Түлкі екен судьясы «теңшіл» деген,
Атақтан сау емес де «жемшіл» деген.
Бір күні талапкер мен жауапкерге
Шақыру қағаз шықты «келсін» деген.
Екеуі айтқан күні сотқа келді,
Түлкіекең Қойды көріп көңілденді.
Тексеріп, арлы-берлі жауап алып,
Тез істі бітірмекке жәһидтенді.
Талапкер Мұжық айтты: «Пәлен күні,
Қотанда Қойдың жалғыз қалған түні.
Жоқ болып екі тауық ертеңіне,
Сүйегі, бұрқыраған жатыр жүні.
Дер едім «сырттан ұры келген шығар»,
Шықпады түні бойы иттің үні.
Ойыма салыстырып қарадым да:
«Қой екен жеген, - дедім, - шәксіз мұны».
Қой айтты: «Шөпке тойып күні бойын,
Қозғалмай жаттым ұйықтап түні бойын.
Біледі аймағымның бәрі, тақсыр,
Жоқтығын бұзық көңіл, арам ойым.
Құдайға аян ұрлық етпегенім,
Орнымнан тұрып түнде кетпегенім.
Жалғыз-ақ тауықтардың тұсында емес,
Аслан өмірімде ет жемедім».
Ал сонда Түлкі қалай хүкім етгі:
«Ұрлаған тануға да, - деді, - епті. -
Өзге ұры келмегенін сонан білем,
Оқиға болмыс күні ит үрмепті.
Келмесе сырттан ұры, бұл жемесе,
Жоғалып екі тауық, қайда кетті?!
Жан берсе, нанып болмас, жақын жатып,
«Жемедім» дегеніне дәмді етті.
Тексерген іс түріне қарағанда,
Мұғабын тауықтарды осы жепті.
Обал жоқ, өртесе де мұны отқа,
Апарып өлтіріңдер, байлап оққа.
Терісімен талапкерді риза етіп,
Ап келіп тапсырыңдар етін сотқа!».

* * *
Кінәлі біреу ойдан, біреу тілден,
Ахмет, осы айтқаның жетер, тоқта!
Көрдің бе, сөзің онша ажарлы емес,
Ұялмай сынатарға салып топқа.
Алайда тыңдағандар бір ойланар:
Түлкідей төре беру бар ма, жоқ па?

Автор: nurgul95 | 144 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қайырымды түлкі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қайырымды түлкі)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Түлкі мен қарашекпен)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Түлкі мен қарашекпен)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жас ағаш)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Жас ағаш)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Екі шыбын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Екі шыбын)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Ала қойлар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Ала қойлар)
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Арыстан киік һәм түлкі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Арыстан киік һәм түлкі)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сол түні)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сол түні)
Ертегі: Түлкі мен қырғауыл
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі мен қырғауыл
Ертегі: Арам түлкі жайында
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Арам түлкі жайында
Ертегі: Сазайын тартқан түлкі
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Сазайын тартқан түлкі
Ертегі: Арыстан қасқыр және түлкі
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Арыстан қасқыр және түлкі
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қыз бойжеткен)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қыз бойжеткен)
Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сабақ жазбай, өлең жазып, бұзық боп....)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерболат Қарақойшиев (Сабақ жазбай, өлең жазып, бұзық боп....)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Сорлы болған мұжық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Сорлы болған мұжық)
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Оқуға шақыру)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ахмет Байтұрсынов (Оқуға шақыру)
Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен түлкі)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ыбырай Алтынсарин (Қарға мен түлкі)

KZ / Өлеңдер жинағы, ахмет байтұрсынұлы Қарашекпен мен қой өлең ахмет байтурсынов олен, ахмет байтұрсынұлы өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском, ахмет байтурсынов олендери, Қарашекпен мен қой, ахмет байтұрсынұлы Қарашекпен мен қой өлең ахмет байтурсынов олен ахмет байтұрсынұлы өлеңдері ахмет байтурсынов стихи на казахском ахмет байтурсынов олендери Қарашекпен мен қой, Өлең: Ахмет Байтұрсынов (Қарашекпен мен қой) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке