Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (Қараша)

Ай құлады аспаннан айдыныма,
Қуанышты ұмыттым, қайғыны да.
Жүрегімді екіге бөліп берген,
Түсінбеймін соңғы өткен айды мына.
Бір адаммын деуші едім, бір жүректі,
Бір жүректі сұм жалған мың жүдетті.
Қақ жарылып бөлінген жалғыз жүрек,
Періштенің қолында дір-дір етті.
Кімді сүйіп, жалғанда кімді ұмыттым,
Бәлкім өткен күнімді, түнді ұмыттым.
Келерімде өмірге, айтшы әміршім,
Ақынды ма, пенде ме, кімді күттің?
Мен өмірді сүруді дәл осылай,
Әке болмай, біреуге ағасымай,
Тоқтатамын.
Жүректің емдеп өтсін,
Аспанда күн, немесе жарасын ай.
Қанша бақыт сыйлап ем саған да бір,
Қанша уақыт бересің маған дәуір?
Жүрегімді бөлді де кетті жылдар,
Сансыз тағдыр жүргенде санамда ауыр.
Солай, дәуір, осылай қоштасайық,
Мәңгілік пен жалғыздық достасайық.
Жеті дерек, жеті күн, жеті ғасыр,
Екі бөлек жүректі жасқа шайып,
Уақыт қалсын еленбей сағаттарда,
Төзім қалсын жете алмай тағаттарға.
...Бір бөлігі жанымның әнге айналып,
Қалсын бірі өлең боп парақтарда...
Қуанышты ұмыттым, қайғыны да.
Жүрегімді екіге бөліп берген,
Түсінбеймін соңғы өткен айды мына.
Бір адаммын деуші едім, бір жүректі,
Бір жүректі сұм жалған мың жүдетті.
Қақ жарылып бөлінген жалғыз жүрек,
Періштенің қолында дір-дір етті.
Кімді сүйіп, жалғанда кімді ұмыттым,
Бәлкім өткен күнімді, түнді ұмыттым.
Келерімде өмірге, айтшы әміршім,
Ақынды ма, пенде ме, кімді күттің?
Мен өмірді сүруді дәл осылай,
Әке болмай, біреуге ағасымай,
Тоқтатамын.
Жүректің емдеп өтсін,
Аспанда күн, немесе жарасын ай.
Қанша бақыт сыйлап ем саған да бір,
Қанша уақыт бересің маған дәуір?
Жүрегімді бөлді де кетті жылдар,
Сансыз тағдыр жүргенде санамда ауыр.
Солай, дәуір, осылай қоштасайық,
Мәңгілік пен жалғыздық достасайық.
Жеті дерек, жеті күн, жеті ғасыр,
Екі бөлек жүректі жасқа шайып,
Уақыт қалсын еленбей сағаттарда,
Төзім қалсын жете алмай тағаттарға.
...Бір бөлігі жанымның әнге айналып,
Қалсын бірі өлең боп парақтарда...
Автор: ZHARAR | 3 438 | 25.04.2016
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Бәлкім кейін түсінерсің)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (Өлгің келгенде...)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қуаныш Медеубаев (Уақыт)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Батыс дұғасы)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Несіпбек Айтұлы (Бөрітостаған)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ербол Бейілхан (Бәрі де алдамшы...)

Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): Атадан мал қалғанша, тал қалсын

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Абай Құнанбаев (Жүрегім менің қырық жамау)