Қазақша өлең: Ербол Бейілхан (Бәрі де алдамшы...) » ZHARAR © 2017 | Ербол Бейілхан Бәрі де алдамшы... өлең олен ербол бейлхан стихи на казахском, стихи на казахском языке ,ербол бейілхан өлеңдері, казакша олендер , қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно,




  • »

Қазақша өлең: Ербол Бейілхан (Бәрі де алдамшы...)

Қазақша өлең: Ербол Бейілхан (Бәрі де алдамшы...) казакша Қазақша өлең: Ербол Бейілхан (Бәрі де алдамшы...) на казахском языке

Бәрі де алдамшы, мына күз, мына бақ,
Жанды да алады, Жаратқан сынап ап.
Жалғанда жандының өмірі өлшеулі,
Уақыт қадасын қағады сыналап.

Пенде де дәрмен жоқ, қайтеміз кінәлап,
Қимасты көмеміз, сықсиып жылап ап.
Жалғанның жарығы бітерін білсе де,
Адамдар жылтырға әуесқой құмар-ақ!

Көк бөрі тірлік-ай, жалаған жарасын,
Көк аспан жоқтайды жоғалтып баласын.
Жер-Ана сен неге өгейсіп барасың,
Өтпелі өмір бұл, бәрінен қалатын.

Құстарды аяймын, қанат бар ұшпайтын,
Сұлуды аяймын, ер келіп құшпайтын.
Күз көңіл ерісе мөп-мөлдір шық қалсын,
Арғымақ аунаса, артында түк қалсын!

Дүние-ай, қайтейін, сырын көп жасырған,
Мұң жамап өсіп ем, балдырған жасымнан.
Қалған бір мұрамын бабалық ғасырдан,
Қасымнан қорықпаймын, қорқамын досымнан.

Бәрі де алдамшы, мына өмір, уақыт,
Жыл керуен көшеді, айларын шұбатып.
Ай асау мөңкиді күндерді құлатып,
Мен келем, арманды уатып, жұбатып...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 348
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .