Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Түн. Тау өзені) » ZHARAR © 2017 | мақпал мыса Түн. Тау өзені өлең стихи на казахском макпал мыса казакша олен, мақпал мыса өлеңдері сайты, стихи на казахском языке макпал мыса, макпал мыса олендери, Түн. Тау өзені




  • »

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Түн. Тау өзені)

Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Түн. Тау өзені) казакша Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Түн. Тау өзені) на казахском языке

Ей,
қайранда таудың өзені,
Баратын жерге тасып бар!
Бабамнан қалған сөз еді:
- Түн тілін ұғар ғашықтар.

Тау суын талай сағынғам,
Толқыны қандай дарасың!
Дірілдеп тұрған жанымнан
Дүрілдеп өтіп барасың.

Бағым да сенсің,
ырысым,
Ағысы асау арлы едің.
Түндердің бұзған тынышын,
Өлең бе едің,
ән бе едің?

Ей,
қайранда таудың өзені,
Бастауын алған шыңдардан.
Тұмағамдардың көзі еді,
Артында өлмес жыр қалған.

Үстіне шығып кезеңнің,
Солқылдап тұрдым сол түні.
Таулардан аққан өзеннің -
Мен де бір ерке толқыны.

Менен де жайдақ жыр күтпе,
Өтеді деме білінбей.
Үн естімедім тірлікте,
Тау өзенінің үніндей.

Көктемнің түні құсымның
Түсі де, жаным
көк теңбіл.
Жырымды саған ұсындым,
Мөп-мөлдір түнде
мөп-мөлдір .

Жырменен жалғап ниетімді,
Шаяйын келіп бетімді.
Қайранда таудың өзені,
Құлағын түрсін бұл ғалам,
Әуенге басшы не түрлі!
Тулаған кеуде тұсымда -
Жүрегім Өзің секілді!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 60
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .