Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ай өзені)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ай өзені) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ай өзені) на казахском языке

Ай өзені Оралдың солтүстігі,
Ай секілді жалтырайды қыс күні.
Жай бұрқанып жазда ұрады жағаны
Ақ көбіктер — ақ найзағай ұшқыны.
Кімдер екен өзенге Ай деп ат қойған,
Әлде біреу бақыт күтіп жатты айдан?
Ай секілді Ай өзені сап-салқын,
Жағалауы жалпақ құмайт — ақ қайраң.
Екі ғашық қашқанда ата қоныстан,
Ай ма сонда жол көрсетіп болысқан,
Аясында қосылды ма махаббат
Толқындардай арналарда тоғысқан?
Ел аңызы өзен жайлы көп терсе,
Қиял ұшқан қанат қағып кептерше,
Ай өзені жанымда ағып келеді
Серік болып Челябіге жеткенше.

Қай жерде гүл боп жайқалдың
Аспанның жұтып жауынын.
Төсінен шықтың қай таудың
Ақ толқын ерке аруым.
Асыр сап таңның нұрында
Ерке жел болып естің бе!
Өзіме ғана сыбырла,
Айтпайын басқа ешкімге.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, сырбай мауленов Ай өзені өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Ай өзені, өзен туралы өлеңдер, озен туралы олен, сырбай мауленов Ай өзені өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов олендери, сырбай мауленов стихи казахском языке, сырбай мәуленов олендер жинагы, Ай өзені, өзен туралы өле, Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ай өзені), Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Ай өзені) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке