Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тосын жазы) » ZHARAR © 2016 | сырбай мауленов Тосын жазы өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мауленов стихи казахском языке, Тосын жазы




  • »

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тосын жазы)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тосын жазы) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Тосын жазы) на казахском языке

Па, шіркін, құм Тосынның жазы қандай,
Ауру жан сырқатынан жазылғандай.
Көтерген көк орманы қарқарасын,
Жан сүйген жар секілді жазық маңдай.
Бұрқырап бұлақ ойнап құм төсінде,
Ұқсайды табиғаттың еркесіне.
Бұралған қыз беліндей қызыл жыңғыл,
Таласа біткен шоқы өркешіне.
Шыңдары алтын күнмен бірге өскендей,
Бұлттан бойын тартып бір сескенбей.
Басында бала бүркіт шаңқылдайды,
Таулардың бұлағымен тілдескендей.
Салт атпен араласаң көкшіл нуын,
Сапырсаң құлаш ұрып күміс суын,
Қарасаң келбетіне ертеңгілік,
Көзіңнің әкеткендей тартып нұрын.
Көлдерін көкалалы жылқы қаптап,
Төсінде асыр салған төл ойнақтап.
Табиғат құм Тосынды көкірегінде
Келгендей төрт түлікке бола сақтап.
Түн болса малшылардың салған әні,
Күндізгі тіршілікке жалғанады.
Көтерген қырмызы ту қызыл отау,
Тұрғандай күйге малып айналаны.
Ойнаған асау тайға құлдыраңдап,
Келіншек кермиықты жүр «құраулап».
Үніне күңгірлеген үйлессін деп,
Қойыпты құлындарын қоңыраулап.
Қой өрді таң сәріден үдеріле,
Қара отты, түйе мойнақ түбегіне.
Келеді қой соңында Қыстаубай шал,
Ақырын қамшы сипап күреңіне.
Қойнауын отыз мың мал отар алып,
Құм жатыр жолбарыстай жоталанып.
Қарайды келешекке сұлу Тосын,
Алтын таң шапағымен оқаланып.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 110
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .