Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жауынгер досқа) » ZHARAR © 2016 | сырбай мауленов Жауынгер досқа өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мәуленов олендер жинагы, Жауынгер досқа




  • »

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жауынгер досқа)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жауынгер досқа) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Жауынгер досқа) на казахском языке

Жер сілкінтіп, көк тербеп
Шүйілген жауға төбеден.
Карпат тауын бөктерлеп
Берлинге қарай жөнеген.
Жолың болсын, жолдасым,
Алған беттен аңырма.
Ойран етіп ордасың
Жауды бөле жалынға.
Берлин үстін бұлт торлап
Фашистерге болды сын.
Үңгіріне қос қолдап,
Таста ажал бомбасын.
Талқан боп өз жерінде,
Тартсын жауыз жазаны.
Қір орыспен Берлинге
Қостанайдың қазағы.

Майданға тудай шақырған,
Жанымен жаққан жалынды,
Аманкелді батырдан
Үйренгем атқа шабуды.
Жауына жайдай атылған
Қаны күндей қызулы,
Аманкелді батырдан
Үйренгем қамал бұзуды.
Қөсемдікті үйренгем
Көпті көрген қарттардан.
Шешендікті үйренгем
Өлеңдерден жатталған.

1945.Қостанай


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 133
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .