Қазақша өлең: Темірхан Медетбек (Ауру Қазақстан) » ZHARAR © 2017 | темирхан медетбек Ауру Қазақстан олендери стихи на казахском языке темірхан медетбек өлеңдері, темірхан медетбек өлеңдері, темирхан медетбек олендери, темирхан медетбек стихи на казахском языке, Ауру Қазақстан




  • »

Қазақша өлең: Темірхан Медетбек (Ауру Қазақстан)

Қазақша өлең: Темірхан Медетбек (Ауру Қазақстан) казакша Қазақша өлең: Темірхан Медетбек (Ауру Қазақстан) на казахском языке

(Экологиялық жыр)

Сынап бағаналары
Шегіне жетіп,
Дәл қазір
Қазақстанның қызуы
Көтеріліп тұр.
(Менің сөздерім де
Ып-ыстық боп,
Өн-бойына
От өріліп тұр).
Қазақстанның ауруы
Асқынып кетті-ау.
(Мынау қатыгез заман
Жігерін құм,
Жанын тас қылып кетті-ау).
Орман-өкпелеріне
Құрт түсіпті.
Жеті жұрт келіп,
Жеті жұрт көшкен
Маңғыстау мен Атырауға
Бізге жат–
Сегізінші–
Жұрт келіп түсіпті.
Деміккен Қазақстанның
Көзіне!–
Мөлтеңдеп жас толып кеткен.
Арал мен Балқаштай
Екі бүйрегіне
Тұз бенен тас толып кеткен.
Тұла бойы күйіп барады.
Аяқ-қолы
Ұйып барады.
Құтқаратын кім бар?
Айнала
Дауыл күткендей
Абыр-сабыр.
Піскен нандай боп
Сап-сары боп жататын
Алып Сарыарқа
Сауысқан шоқып тастаған
Көтерем сиырдың арқасындай
Жауыр-жауыр.
Дәл қазір Ол
Жоқты – жоқтап,
Барды – даттап жатыр.
... Ауру Қазақстан
Анда-санда
Қазақша бірдеңе деп,
Орысша
Сандырақтап жатыр.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 283
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .