Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Мінез) » ZHARAR © 2016 | жаркен бодешев Мінез стихи на казахском жәркен бөдешұлы өлеңдері олен, жәркен бөдешұлы өлеңдері, жәркен бөдеш өлеңдері, Мінез, адам мінезі туралы өлеңдер, мінез құлық туралы өлеңдер




  • »

Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Мінез)

Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Мінез) казакша Қазақша өлең: Жәркен Бөдешұлы (Мінез) на казахском языке

Жылқы текті жануар ғой –
Құс қорек,
Оған біткен күмбір әуен,
Түс те ерек.
Оған біткен мінез бөлек,
Күш бөлек.
Сары жонда бөлініп қалған саяғын –
Үш-ақ күнде жатырқайды тістелеп...

Бұл заманның қабағынан қаймығып,
Сол мінезден қалса керек айырылып.
Әлдеқайдан қаңғып келген есекті,
Үйіріне қосып алды сәйгүлік.

Қыр астында қырағылық көз ілсе,
Ойран салар опасыз жау сезінсе...
Күмбір-күмбір кісінеудің орнына,
Шата қодық аңырайды өзінше...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 520
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .