Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Орыстанба Алматы орыстанба!!!) » ZHARAR © 2016 | Исмағұлов Сабыржан Орыстанба Алматы орыстанба өлең олен стихи на казахском, алматы туралы олен шумактары, алматы туралы өлең шумақтары, алматы туралы олен жолдары, алматы туралы өлең жолдары, стихи про город алматы на казахском языке




  • »

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Орыстанба Алматы орыстанба!!!)

Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Орыстанба Алматы орыстанба!!!) казакша Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Орыстанба Алматы орыстанба!!!) на казахском языке

Қашанда тастай берік бол ұстамға.
Арманың қанат болар ол ұшқанда.
Алматы жайлы жырлап көрейінші,
Ақындық қабілетім толысқанда.
Зиянды əдет серік болған елге,
Десеңде анық басып оң іс таңда.
Жат бауыр болып кеткен жұрттың көбі,
Таппайсың құлағанда қол ұстарға.
Барлық жас пəтер іздеп сенделеді,
Дегенде үйленесің қоныс қамда.
Бағасы баспананың аспанда тұр,
Дегендей Алматыға қоныстанба.
Заманбек жерді тегін таратыпты,
Бүгінде солардай бір болыс барма.
Қаланың шетін мекен қылған қазақ,
Шаңырақ,Қалқамандай қоныстарда.
Медеуде өмір сүрген көп қазақтар,
Айналып кеткен бəрі орыстарға.
Баласы сайрап жүрсе өзге тілде,
Соқпайды қазақ жүрек орыс қанда.
Кең жерден кесіп берсе келімсекке,
Жүз отыз ұлт қазаққа борыштарма?
Рессейге қосылайық депті біреу,
Бассыздар ол сөзіне болысқанба.
Қазақша сөйлейікші барлығымыз,
Ағайын одан асқан зор іс барма.
Енді дамып өркендер кезімізде,
Орыстанба Алматы орыстанба.

Əлі айтам таусылмады жазарым.
Қымбатшылық болды менің назарым.
Бəрі қымбат қай бутикке барсаңда,
Арзан еді барахолка базарың.

Ақиқатқа жақындайды ептеп кім.
Шындық деген шыңырауға жетпек кім.
Қайран қазақ аз болған соң қалада,
Саны артық орыс тілді мектептің.

Жүрегімде жатқан кезде жыр қызып.
Көтермейді көңілімді тұр бұзып.
Алматыны толтырамыз сараймен,
Қол жетпейтін қымбат үйлер тұрғызып.

Бұл сөзімде айтылады қалады.
Қашанғы айтар тілмен жағым талады.
Қоныс салу қайда қара қазаққа,
Жер телімін əрең сатып алады.

Шөлдеп өліп таңдайымыз кепседе.
Қырандарың қызғыш құсын тепседе.
Өз құныңды түсірмеші қазағым,
Теңгеміздің құны түсіп кетседе.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 720
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, Исмағұлов Сабыржан Орыстанба Алматы орыстанба өлең олен стихи на казахском, Исмагулов Сабыржан өлең олен стихи на казахском, Исмағұлов Сабыржан өлеңдері, габиден кожахмет олен, Орыстанба Алматы орыстанба, алматы туралы олен шумактары, алматы туралы өлең шумақтары, алматы туралы олен жолдары, алматы туралы өлең жолдары, стихи про город алматы на казахском языке, Исмағұлов Сабыржан Орыстанба Алматы орыстанба өлең олен стихи на казахском, Исмагулов Сабыржан өлең олен стихи на казахском, Исмағұлов Сабыржан өлеңдері, габиден кожахмет олен, Орыстанба Алматы орыстанба, алматы туралы олен шумактары, алматы туралы өлең ш, Қазақша өлең: Исмағұлов Сабыржан (Орыстанба Алматы орыстанба!!!) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

. .