Қазақша өлең: Олжас Отар (Жылдар мен жолдар) » ZHARAR © 2017 | Олжас Отар Жылдар мен жолдар өлең олен Олжас Отар стихи на казахском, Олжас Отар өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно, Жылдар мен жолдар




  • »

Қазақша өлең: Олжас Отар (Жылдар мен жолдар)

Қазақша өлең: Олжас Отар (Жылдар мен жолдар) казакша Қазақша өлең: Олжас Отар (Жылдар мен жолдар) на казахском языке

1. Тағатымның ұрлатып кеудемнен гүлін.
Ынтық болғам өзіңе көргеннен, күнім.
Тұнып жатқан мөп-мөлдір сезімім менің,
Теңіздерде телегей, дауыл соққан кемедей,
Сергелдең бүгін.

Қайырмасы

Көреді көздер,
Сөгеді сөздер,
Жүре алмаймыз ғашық әнін айтып екеуміз.
Жалғыздан жалғыз,
Жабыққан жанбыз,
Бір бола алмай өтерміз бе,
Қайтер екенбіз?

Үміт арманым,
Ұмыта алмадым.
Бақытымның ақ таңындай мөлдіреуші едің.
Қалсам да жырақ,
Арман болып бірақ,
Жүрегіңді өмір сүрем енді мен сенің.

2. Бір ғажайып шуаққа тұнғанмен жандар.
Бірін-бірі жылытып тұрғанмен қолдар.
Бұл өмірге сен ерте мен кештеу келіп,
Бөліп жатыр араны, бөліп жатыр араны
Жылдар мен жолдар.

Қайырмасы

3. Жүректегі үрлеген отымды менің.
Бақытымның бастауы секілдім едің.
Ойда-жоқта оянған сезімдер бізді,
Білмеппіз-ау осылай, білмеппіз-ау осылай өкіндірерін.

Қайырмасы

4. Қалап сені көңілім ұнатқан еді.
Жарқын үміт жанымды жұбатқан еді.
Шыдап бағып тағдырға, шын сүйсең егер,
Шығарып ап биіктен, шығарып ап биіктен құлатпа мені.

Қайырмасы


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 166
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .