![]() |
|
![]() |
Ербол Бейілхан (Күзбенен қоштасу)

Қара суға қаймақ түсті, қараша ауыл қи жақты,
Боз қырауға, бозайғырдай аунап түсіп қыр жатты.
Қайтқан қаздың қаңқылынан келе-келе бұлт үркіп,
Қоңыр аңды жота-жонды аппақ ұлпа қар жапты.
Аппақ қарға, аппақ болып салар ертең құр ойнақ,
Жолаушыны жүргізбейді пыр-пыр ұшып шіл ойнап!..
Күп-күрең боп, алма-кезек күреседі күз бен қыс,
Тәкаппарлау таутекенің мүйізінде күн аунап...
Қайтқан құспен жоннан үркіп, ойға түстің, Қараша,
Жапырағың тоналған күз жаныңа кім араша?..
Қоштаса алмай біз секілді жылай-жылай жүдеген,
Үйір-үйір бұлттар көшкен, күз аспаны аласа ә!..

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқушылардың соңғы қоңырау мерекесі 1 маусымда өтеді 05.02.2023
» Ультракүлгін лак кептіргіштер қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 02.02.2023
» Қазақстанға 5G қашан келеді? 28.01.2023
Ілмектер: күз туралы өлең, Ербол Бейілхан Күзбенен қоштасу өлең олен ербол бейлхан стихи на казахском, стихи на казахском языке, ербол бейілхан өлеңдері, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно