Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алматы)

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алматы) казакша Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алматы) на казахском языке

Алматымыз астанасы қазақтың,
Тұрамын мен сол қаланың өзінде.
Рим да емес ол, Париж да емес мақтаулы,
Ұқсасы жоқ бүкіл дүние жүзінде.
Қала емес ол - сіздер көрген, достарым
Суреті оның басқалардан өзгерек.
Жырлау үшін оның жерін, аспаның
Ескірмеген, естілмеген сөз керек.
Қай қалада осынша алып емендер
Қөшелерге жайып қанат шығады.
Қай қалада алтын бұйрат теректер
Жапырағымен көкті сүртіп тұрады
Әрбір гүлге бір бүлбүлдан сайраса,
Әр сұлуға жыр шертеді бір ақын.

Әрбір көңіл жоғарыға қомданса,
Бұлттан да әрі тауымыз бар шығатын,
Желпіп өтсе жібек самал лебімен,
Ақ жаңбыр кеп астанамды шаяды.
Тартып шеңбер бояулары көгімнен
Қемпірқосақ кең құшағын жаяды.
Сүюшілер күн мен гүлді жанындай
Алматыма - астанама келіңдер.
Достарыма казақ дастарқанындай
Ақ пейілдер жайылғанын көріңдер!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, алматы туралы өлең, алматы қаласы туралы өлең, әбділда тәжібаев алматы өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері, әбділда тәжібаевтың өлеңдері, әбділда тәжібаев өлеңі, абдильда тажибаев олени, абдильда тажибаев стихи на казахском, алматы туралы өлең, алматы қаласы туралы өлең, әбділда тәжібаев алматы өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері, әбділда тәжібаевтың өлеңдері, әбділда тәжібаев өлеңі, абдильда тажибаев олени, абдильда тажибаев стихи на каз, Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алматы), Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Алматы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке