Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Қос рельс) » ZHARAR © 2017 | ақберен елгезек Қос рельс өлең акберен елгезек стих олен , ақберен елгезек өлеңдері , ақберен елгезек сайты , акберен елгезек сайты олен стих,акберен елгезек стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Қос рельс)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Қос рельс) казакша Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Қос рельс) на казахском языке

Айлы түн.
Рельстер тасыры,
Тамбурда билейді көк тұман.
Миымда ойлардың жасыны,
Жүректе сезімдер көк шулан.

Аңсау мен сағыну,
Тәтті мұң,
Ішіме еніпті жасырын.
Кемсеңдеп баянсыз шаттығым,
Өзіңсіз жылайды, асылым!

Анамды сағынып көрмегем,
Дәл бұлай, Құдай-ай, осылай!
Көлбеңдеп келеді көлденең,
Сол бейнең бейнемнен шошымай.

Ұзақ жол.
Купенің шамдары,
Әлсіздеу төгеді жарықты.
Күбір мен күлкілер жан-жағым,
Мен сені ойлаудан жалықтым...

Рельстер тасыры.
Айлы түн.
Көзімді сүртеді нұрымен.
Сұрақтар – жаулары ойлының,
Махаббат ойнайды құлымен.

Қос рельс - домбыра ішегі,
Күй ойнар, бір мұңлы, бір түрлі
Сапарлас шарабын ішеді,
Мен ішпей келемін.
Күлкілі...

Ішпедім мен бүгін, себебі
Баса алмас шарап та мұңымды.
Тек уақыт бәрін де жеңеді
Тіріңде білмейтін құныңды.

Қос рельс - екеуміз секілді,
Қосылмай жететін тұйыққа
Пойыздан түсуге бекіндім,
Сумкамды ілдім де иыққа...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 393
Рейтинг:
(голосов: 1)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .